Басты ақпаратЕлорда тынысы

Балалар қамқорлықтан тыс қалмайды

«Астана қаласы коммуникациялар қызметінің» алаңында «Балалар жылының қорытындысы мен үлескерлік құрылыс­тағы проблемалық нысандардың аяқталуы» туралы Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен брифинг өткізді.

– Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ағымдағы жыл Балалар жылы болып жарияланды. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін 7 бағыт бойынша 108 іс-шарадан тұратын қалалық жоспар әзірленді, сондай-ақ барлық мемлекеттік құрылымдар жұмылдырылып, қаланың қоғамдық үкіметтік емес ұйымдары тартылды, – деді Есет Берікұлы брифингте сөйлеген сөзінде.

Е.Байкен негізгі бағыттарға қысқаша тоқталып өтті.

Балабақша жайы қалай?

Елордада бала саны жыл сайын  көбейіп келеді. Бұл ретте балаларды ең алдымен, білімнің алғашқы сатысы – балабақшамен қамтамасыз ету мәселесі тұр.

Астанада 432 мектепке дейінгі мекеме жұмыс істейді, оның ішінде 99 мемлекеттік, онда 31 464 бала, 330 жекеменшік балабақшада 26171 бала тәрбиеленуде.

Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту 1-6 жас аралығында 58129 баланы немесе жалпы санының 81%,

3-6 жас аралығында 49994 баланы немесе 99,2% құрайды, оның ішінде балалардың 41%-ы жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарға барады.

Анықтама: 3-6 жастағы балаларды қамту: 2019 жылы – 98,4%, 2020 жылы – 99%, 2021 жылы – 99,1%.

Ағымдағы жылы балабақшаларда балаларды қамтуды арттыру мақсатында қосымша 3 мың орын ашылды, оның ішінде:

– 200 орындық жекеменшік балабақшаларда білім беру қызметтерін алушылар (ваучер) бойынша дербестендірілген қаржыландыруды ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша пилоттық жоба енгізілді;

– «Балдәурен» №32 бөбекжай бақшасы жанында қосымша  150 орындық ғимарат ашылды;

– жұмыс істеп тұрған балабақшаларда 320 орындық қосымша топтар ашылды ­­­(№71 «Мөлдір», № 76 «Әдемі», ­№ 53 «Мерей», №66 ­«Толағай», № 93 «Айгөлек», №27 «Балауса»);

– Балабақшаларға қажеттілігі бар Жағалау ауданында  290 орындық балабақша пайдалануға берілді;

– жұмыс істеп тұрған 24 мектепке дейінгі ұйымдарда ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған 219 орындық қосымша инклюзивті топтар ашылды;

– ағымдағы жылы балабақшаларда барлық жастағы 1820 орындық топтар жасақталды.

Балаларды барынша қамту мақсатында келесі жылы мемлекеттік тапсырыс бойынша балабақшаларда тағы 10 мыңға жуық қосымша орын ашу жоспарлануда.

Мектептер жеткілікті ме?

Елордада жыл сайын жалпы білім беретін мектептер саны артып келеді. Бүгінгі таңда елордада 237 мың оқушысы бар 162 мектеп білім береді. Оқу жылының басындағы оқушы орындарының тапшылығы – 26 454 орын. Осы мәселені шешу үшін қала әкімдігі соңғы 3 жылда 70 мың орындық 35 мектепті пайдалануға берді. Осы жылы 18 мың орындық 9 мектептің құрылысы жүргізілуде. 2023 жылы 20 мың орындық тағы 13 мектеп салу жоспарланған. Сондай-ақ «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 2026 жылға дейін 89 мың орындық 24 мектеп салу жоспарда. Қазіргі күнде мектеп құрылысына арналған жер учаскелері анықталып, оларды іске асыру жоспары пысықталуда. Білім беру ұйымдарында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – басым бағыттардың бірі. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін мектептер 100% цифрлық бейнебақылаумен жабдықталған. Камералар мен дабыл түймелері қала әкімдігінің бірыңғай ахуалдық орталығына және полиция департаментінің жедел басқару орталығына қосылған.

Жан-жақты, шымыр болып өссе

Биыл 100 мыңға жуық бала тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ 18 жасқа дейінгі балалар қоғамдық қалалық көлікте тегін жүруге құқылы болып, 17 мыңға жуық бала жалпыға бірдей оқыту бағдарламасымен қамтылды. Жыл басынан бері 4,2 мың отбасы, оның ішінде 13 265 бала атаулы әлеуметтік көмекпен қамтылды. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға айрықша көңіл бөлінеді. Жыл сайын түзету, психологиялық-медициналық-педагогикалық кабинеттер саны артып келеді.

Жыл басынан бері қосымша 1 инклюзияны қолдау кабинеті, 1 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті, 1 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация ашылды. Елордада ерекше қажеттіліктері бар 810 баланы қамтитын «Инватакси» қызметінің 80 автокөлігі жұмыс істейді. Бүгінде елордада 11 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі бар.

Балаларға алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін 37 медициналық ұйым жұмыс істейді (16 мемлекеттік, мемлекеттік тапсырыс шеңберінде 21 жекеменшік) және 3 балалар стационары бар (инфекциялық, хирургия­лық, соматикалық).

Жыл басынан бері ерекше қажеттіліктері бар 3,9 мың бала оңалту қызметтерімен қамтылды. 0-17 жас аралығындағы балаларды скрининг тексерулермен балалардың 95%-ы қамтылды.

Қаланың көпсалалы стационарларының акушерлік блоктары қажетті скрининг жүргізу үшін жабдықтармен толық жабдықталған.

Демалыс кезеңінде балалардың демалысын, жұмыспен және сауықтырумен қамтамасыз ету үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында ағымдағы жылы жазғы демалыспен 175 мың оқушы немесе 1-10 сынып оқушыларының жалпы санының 94% (185 710 оқушы) қамтылды.

2 қала сыртындағы (2165 баланы қамту), 2 бейіндік лагерь (700 баланы қамту) және оқушылар сарайлары жанындағы жазғы лагерьлер жұмыс істеді (2 маусым). 92 мектепте бастауыш сынып балаларына арналған мектеп жанындағы лагерьлер ұйымдастырылды (93 100 бала қамтылды, оның ішінде 87091 мемлекеттік мектеп, 6009 жекеменшік мектеп).

Бүгінгі таңда елордада 11 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі (7-БЖСМ, 3 – БЖСМ және мүгедек спортшыларға арналған 1 – БЖСМ), олимпиадалық және олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша спортты дамыту дирекциясы, спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы, олимпиадалық резервті дайындау орталығы, «Дәулет» спорт кешені және орталық жұмыс істейді. Оларда 111 спорт түрі (37 – олимпиадалық, 42 – олимпиадалық емес, 7 – ұлттық, 25 – мүгедек) бойынша 10 000-нан астам бала айналысады.

Елордада шығармашылық бағыттың 45 түрі бойынша 516 үйірме жұмыс істейді, онда 19 мың бала айналысады. Шығармашылық тапсырыс бойынша берілген ваучерлер саны – 40648 (белсендірілген ваучерлер саны – 22811; белсендірілмеген ваучерлер саны – 42; мұрағаттағы ваучерлер саны – 17795).

Ағымдағы жылы жалпы білім беретін мектептерде «Оқушының мәдени нормативі» жобасы, «Ұлағатты ұрпақ» мәдени-білім беру платформасы іске асырылуда. Бұл жоба елорданың 21 мектебінде 43 мыңнан астам баланы қамтумен жүзеге асырылды.

Қазіргі уақытта балаларға қосымша білім беруге ерекше назар аударылуда. Қосымша біліммен 150 мыңнан астам бала, спорт секцияларымен 90 мың бала қамтылды.

Елордада мектептер базасында 11 ұйым,158 филиал, 10 Community center бар. Осы мақсатта биыл 10000-нан астам баланы қамтитын 10-нан астам нысан ашылды.

Келесі жылы осы бағыт бойынша жұмыс жалғасады, тиісті жоспарлар мен міндеттер айқындалды.

Үлескерлер мәселесі – ұдайы бақылауда

Жалпы, құрылысы ұзаққа созылған нысандардың аяқталуы – Мемлекет басшысының бақылауында. Үлес­керлердің проблемаларын шешу – бұл біздің міндетіміз. Басты мақсатымыз – үлес­керлердің өз пәтерлеріне кіріп, қоныстойын тойлауы. Үлестік құрылыстың проблемалық объектілерін аяқтау бойынша қабылданған шаралар және келесі жылға жоспар осындай:

2019 жылы елордада 150 проблемалық үй және 16 мыңнан астам үлес­кер-отбасы болды.

Мемлекет басшысы ­Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес және мемлекетіміздің тікелей қолдауының арқасында бүгін 120 үйдің құрылысы аяқталып, 13 мыңға жуық үлескер-отбасы баспаналы болды.

2023-2024 жылдары қалған 8 нысанды немесе 30-дан астам үйді аяқтауды жоспарлап отырмыз, бұл, шамамен, 4 мың үлескер отбасы.

Әрбір бітпеген нысан бойынша жұмыс жоспары бар, қаржыландыру көздері айқындалған.

Тағыда

Гүлшат Сапарқызы

«Астана ақшамы» газетінің тілшісі, ақпарат саласының үздігі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button