2022 - Балалар жылыБасты ақпарат

Балалар жылы балаларға не берді?

Мемлекет басшысы 2022 жылды елімізде Балалар жылы деп жариялағаны мәлім. Осыған орай, биыл елордада көптеген іс-шара өткізілді. Астана қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында «Астанада Балалар жылы аясында өтіп жатқан іс-шаралар жөнінде» тақырыбында онлайн-брифинг өтті. Спикері – Астана қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Маржан Каирбаева.

Балалар қауіпсіздігі – басты назарда

«Білім алушылардың құ­қық­тық сауаттылығын арттыру үшін қанатқақты режимде 57 мектепте (59,3%) құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі менеджердің штат бірліктері енгізілді» деді ­М.Каирбаева өз сөзінде.

Құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жұмыстағы тиімді әдістердің бірі – «Мектеп медиациясы қызметі». Қазіргі уақытта мектеп медиациясы қызметі 15 мектепте жұмыс істейді. Осы мақсатта бірқатар оқыту семинары өткізіліп, білім беру ұйымдарында қызметті енгізу бойынша әдістемелік ұсынымдар берілді. Бүгінгі таңда 40-тан астам өтініш қаралып, нәтижесінде тараптар өзара бітімге келді.

Білім басқармасы жанынан өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасылармен жұмыс жүргізу мақсатында «Психологиялық сүйемелдеу қызметі» жобасы басталды. Көмекке мұқтаж кез келген адам психологиялық, құқықтық және әлеу­меттік көмекке жүгіне алады (ақысыз). 9 айда әлеуметтік қызметкерлер 100-ден астам адамға бағыт-бағдар беріп, 316 жанға заң тұрғысынан кеңес айтып, 307 адамға жеке және топтық психологиялық көмек көрсетті.

Сонымен қатар білім беру ұйымдарында қолма-қол ақшасыз төлем жүргізу жүйе­сі енгізілді. Қазіргі уақытта оқушылар мен олардың ­ата-аналары арасында ­қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда және Білім басқармасының ерекше бақылауында.

Мектепте, үйде және көшеде қиындықтарға тап болған оқушылар мен олардың ата-­аналарына көмек көрсету мақсатында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті «Bala Qorgau» жобасын іске қосты. Осы жоба шеңберінде барлық білім беру ұйымдарында педагогтар, оқушылар және олардың ата-аналары арасында QR-кодтар орналастырылған ақпараттық тақтайшалар бойынша түсіндіру жұмыстары жалғасуда. Балалардың құқықтарын бұзу туралы әрбір жағдай толық анықталғанға дейін, сондай-ақ шешілгенге дейін айрықша назарда болады.

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынды

«Жайлы мектеп» жобасы аясында 2023-2026 жылдар аралығында әрқайсысы 2000 орындық 20 мектеп салу жоспарлануда. Бүгінгі таңда мектеп құрылысына арналған жер учаскелері анықталды, сондай-ақ жобаларды іске асыру жоспары пысықталуда.

Ағымдағы жылы 23580 орындық 11 мектептің құры­лысы жүргізілуде (2 мектеп ағымдағы жылдың қыркүйек айында пайдалануға берілді). Оның ішінде 7 мектеп инвестиция және мемлекеттік-жекешелік әріптестік есебінен салынады.

Биыл демеушілік көмекпен «Жасыл мектеп» жобасы іске қосылды. 1 шілдеде №87 мектепте алғашқы жылыжай ашылды, сондай-ақ осы жылдың соңына дейін 18 мектепте және колледжде тағы 19 жылыжай ашу жоспарланған.

Қосымша білім беру

Балаларды қосымша біліммен қамтуды және қадамдық қолжетімділікті арттыру мақсатында 2022 жылы 10000-нан астам баланы қамтитын 10 нысан ашылды. Сонымен қатар мектептерде «Алтын ұрпақ», «Алтын домбыра» жобалары жүзеге асырылып жатыр. Биыл барлық білім беру ұйымдарында домбыра және шахмат бойынша үйірмелер енгізілді.

Қазіргі уақытта Астана қаласы бойынша 94 орта мектепте 107 үш тілді пікірсайыс клубы жұмыс істейді. 11 мемлекеттік және 8 жекеменшік колледжде 22 пікірсайыс клубы жұмыс істейді.

Бүгінгі таңда инклюзивті білім беру үшін қаланың 94 мектебінде жағдай жасалған. Түзету, психологиялық-медициналық-педагогикалық кабинеттер саны артып келеді. Жыл басынан бері 1 инклюзияны қолдау кабинеті, 1 ППТК, 1 ПМПК ашылды.

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы жағдайға келетін болсақ, биыл 16 колледж (5-еуі – мемлекеттік, 11-і – жекеменшік) ерекше қажеттіліктері бар 97 баланы қабылдады. Дегенмен өткен жылы ерекше қажеттіліктері бар балалар тек бір ТжКБ оқу орнында оқыса, қазіргі уақытта бала саны 197-ні құрады.

Тағыда

Гүлшат Сапарқызы

«Астана ақшамы» газетінің тілшісі, ақпарат саласының үздігі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button