Сайлау-2022

Үміткер Ұлытау облысына барды

Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ­Қажыкен Мейрам Зекешұлының сайлауалды үгіт-насихат науқаны ­жалғасуда.

2022 жылдың 25 қазанында ол үгіт-насихат жұмысы аясында жаңадан құрылған Ұлытау облысына барды. Мұнда кандидат Қ.И.Сәтбаев атындағы (Kazakhmys корпорация­сы құрамына кіреді) Жезқазған тау-кен металлургия комбинатының еңбек ұжымымен кездесті. Сондай-ақ ол еліміздегі ең ірі салалық кәсіподақтардың бірі «КәсіпҚорған» мүшелерімен кездесу өткізді. Ұйым құрамында тау-кен металлургия кәсіпорындары мен аралас өндіріс орындарының қызметкерлері бар. Үміткер өзінің сайлауалды бағдарламасының негізгі аспектілері жайлы баяндап, кейбір басым бағыттарына толығырақ тоқталды.

«Қазақмыс» компаниялар тобында төрт кәсіподақ жұмыс істейді: «КәсіпҚорған», «Қазпрофметалл», «Лайықты еңбек» және «Enbek». Олардың құрамында 57 мыңнан астам жұмысшы бар. Еңбеккерлердің басым бөлігі «КәсіпҚорған» кәсіподағына бекітілген.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button