Жаңалықтар

Базардағы бұқараға кеңес берді

Кеше «Артем» сауда орталығында Астана қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Кәсіпкерлерге кеңес беру» ашық есік күні өтті.

Базардың маңайы – бұқара халықпен байланыстың төте жолы. Өйткені нәпақасын сауда-саттықпен айырып отырған шағын кәсіпкер де, қарапайым құқығы мен мемлекеттік қолдау шараларынан бейхабар қатардағы жұмысшы мен қарапайым халық осы төңіректе. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында, сонымен қатар, елордадағы бизнес-ахуалды жақсарту, шағын және орта бизнес иелеріне мемлекеттік қыз­меттің қолжетімділігін насихаттау мақсатында өткізілген аталмыш шараға бірқатар мекемелер мен кәсіпорындардың өкілдері қатысты. Атап айтқанда, сауда үйінің бірінші қабатындағы арнаулы алаңда Астана қаласы Төтенше жағдайлар, Қоғамдық денсаулық сақтау және Мемлекеттік кіріс департаменттері, Жұмыспен қамту орталығы, «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Әлеуметтік сақтандыру жөніндегі мемлекеттік қор, Мемлекеттік бірыңғай зейнетақы жинақтаушы қоры, «Кәсіпкерлік еңбеккерлерінің кәсіподағы» қоғамдық ұйымы, «Астана – адалдық алаңы» жобалық офисінің өкілдері әрі-бері өткінші жұртқа салық заңнамасы, бизнесті қолдау шаралары, әлеуметтік сақтандыру, зейнетақы жинақтау және мемлекеттік қызметтерді онлайн алу туралы сан-салалы сұрақтарға жауап беріп, жан-жақты мағлұмат берді.

Әділбек ЖАПАҚ 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button