Жаңалықтар

Базарларда тәртіп бар ма?

Әкімдікте Байқоңыр ауданында орналасқан «Алаш», «Шарын», «Сапар», «Әмір» және «Биг Шанхай» ірі базарлардың директорларымен жиналыс өтті.

Базар әкімшілігіне мемлекетке тиесілі жер телімдерінде заңсыз салынған құрылысты бірнеше күннің ішінде бұзу туралы нұсқама берілді. Жүргізілген мониторинг нәтижесінде аталмыш базарларда заңсыз салынған сауда және түрлі қызмет көрсететін 159 орын анықталды. Оның ішінде 26 павильон, 14 дүңгіршек, 81 контейнер, сондай-ақ кафе-асхана, қалқалар, жапсарлас құрылыстар, биодәретханалар бар. Бұл нысандарда өртке қарсы қауіпсіздік және санитарлық нормалар сақталмаған.
Бұған қоса базар қожайындары мемлекетке тиесілі жерде салынған сауда алаңдарын жалға беріп пайда тапқан. Әкімдік бұл заңсыздықты бірден тоқтатуды және үш күннің ішінде заңсыз сауда орындарын базарға тиесілі жер теліміне көшіруді талап етті.
Сонымен қатар қала әкімдігі аталған базарлар аумағында құрылыс салу жоспарларын қарастырды. Қазіргі кезде автотұрақ болуы тиіс жер телімдерінде сауда контейнерлері мен павильондар қойылған. Сондай-ақ жиында қалаға кіретін ірі жолдардың бірі Алаш тасжолындағы көлік жүйесіне тәртіп орнату мәселесі қаралды. Базарлар әкімшілігіне орталық кіреберіс есіктерді қарама-қайшы бетке ауыстыруды, ал көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасына сатып алушылар үшін ыңғайлы кірме жолдар, аялдама

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button