Басты ақпарат

Бельгия елшісімен кездесті

Астана әкімі Бақыт Сұлтанов Бельгия Корольдігінің Қазақстандағы Төтенше және өкілетті Елшісі Алекси де Кромбрюгхемен кездесті.

Бельгия елшілігі сауда бөлімінің өкілі 2019 жылы еліміздің бірнеше ірі қаласында және Астанада өтетін экономикалық миссиясы туралы айтып берді. Олар алдағы жылы өтетін шараға Бельгияның үш аймағы бірдей қатысатынын айтып өтті. Елшіліктің ақпараты бойынша, өндірістің түрлі салаларында маманданған 40-тан астам бельгиялық компания қатысады деп күтілуде.
Сондай-ақ, кездесу барысында бельгиялық технологияларын тарту, қала нысандарының қажеттіліктері үшін Астанада өнеркәсіптік сүзгілер мен тазартушы құралдарды шығаратын өндіріс құру мәселесі талқыланды.
Бұған қоса, тараптар экология, сумен жабдықтау, су бұру, SMART city технологиялары салаларында ынтымақтас­тық мәселелерін талқылады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button