Жаңалықтар

Белсенді ардагерлер орталығы ашылды

Нұр-Сұлтан қаласында ардагерлерге арналған Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы ашылды.

[smartslider3 slider=2333]

Орталықтың ашылу салтанатында көктемнің көркіне айналған «Жауқазын», «Лалагүлдер» үлгісінде аудан ардагерлері сән үлгісін көрсетті. Алматы ауданының көркемөнерпаздары ән шырқап, кеш көркін келтірді.

Орталық құрметті еңбек демалысына шыққан барлық еңбек ардагерлерінің басын біріктіретін бірегей ортаға айналмақ. Мұнда ардагерлердің бос уақыттарын тиімді өткізуге мол мүмкіндік жасалған. Олар өзара әңгімелесе отырып, қол­өнер бұйымдарын жасай алады, шығармашылықпен айналысады, сондай-ақ салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен де шұғылдана алады.

Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының ашылуына арналған салтанатты кешке аудан әкімі Нұрбол Нұрсағатов қатысып, қарттарға өзінің жылы лебізін білдірді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button