Ел тынысы

10 мың әлеуметтік пәтер салынады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру бағытында Үкімет пен жергілікті билік өкілдеріне нақты міндеттер жүктеп отыр. Осы бағытта Нұр-Сұлтан қаласында қолжетімді тұрғын үй салу бойынша бірнеше бағытта кешенді жұмыстар жүргізіліп жатыр. Атқарылып жатқан жұмыстардың барысы, қалада биыл салынатын әлеуметтік баспаналар туралы елорда әкімі Алтай Көлгінов мәлім етті.

[smartslider3 slider=2334]

«Баспана мәселесі қала тұрғындары үшін қашанда өзекті болып қала бермек. Тұрғын үй қолжетімдірек болуы үшін бірнеше бағыт бойынша жұмыс жүріп жатыр. Олар – жеңілдікпен берілетін қолжетімді тұрғын үй салу, тұрғын үй кешендерін жөндеу, апатты жағдайдағы және ескі үйлерді бұзу, құрылысы ұзаққа созылған нысандарды аяқтау және т.б.

Жеңілдікпен берілетін пәтерлер салу жұмысы «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымдары желісі бойынша жүріп жатыр. Осы себепті бірқатар ұйымның басшылығымен жиналыс өтіп, өзекті мәселелер қарастырылды. Сонымен «Бәйтерек» холдингінің Басқарма төрағасы Қанат Шарлапаевпен, «Отбасы банкі» Басқармасының Төрағасы Ләззат Ибрагимовамен, «Бәйтерек» холдингінің Басқарма төрағасының орынбасары Әділ Мұхамеджановпен кездесіп, өзекті мәселелерді қарастырдық. Мәселен, қазақстандық тұрғын үй бағдарламасы (ҚИК) желісі бойынша – медициналық және әлеуметтік қызметкерлерге, педагогтарға, полиция департаменті мен ТЖД қызметкерлеріне, мәдениет және спорт қайраткерлеріне арналған әлеуметтік тұрғын үй.

Өздеріңіз білетіндей, «Отбасы банкі» желісі бойынша кезекте тұрғандарға өткен жылдан бастап жастарға арналған арнайы тұрғын үй бағдарламасын іске қостық. Тұрғын үй бойынша жеңілдетілген әлеуметтік несиелендіру бағдарламасы қаламыздың 36 жасқа дейінгі жастарына (күйеуінің/әйелінің жасы маңызды емес) арналған.

Мемлекет басшысы азаматтардың қолжетімді баспана сатып алуына жағдай жасау мәселесіне ерекше назар аударуды тапсырды. Биыл біз тағы да 10 мың әлеуметтік пәтер салуды жоспарлап отырмыз» деп жазды елорда әкімі.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button