Басты ақпаратҚала мен Сала

БИЕ СҮТІНІҢ БАЛМҰЗДАҒЫ БҮЛДІРШІНДЕРГЕ ТЕГІН ТАРАТЫЛДЫ

«АРАЙ» ЕЛОРДАЛЫҚ САЯБАҒЫНДА БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУДЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН БАЛМҰЗДАҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ. АСТАНА ӘКІМДІГІ ҚОЛДАУ БІЛДІРІП, «KAZBRANDS» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫ МЕН «БАЙТАҚ БОЛАШАҚ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АЛЬЯНСЫ БІРІГІП ҰЙЫМДАС­ТЫРҒАН ШАРА АСТАНАДА ТҰҢҒЫШ РЕТ ӨТІП ОТЫР. ОҒАН «ГОРМОЛЗАВОД КӨКШЕТАУ», «ЭМИЛЬ», «ШИН-ЛАЙН», «ДЕП. ҚОСТАНАЙ», «ICEMASTER», СОНДАЙ-АҚ РЕСЕЙЛІК, ПОЛЬША, ИТАЛИЯНДЫҚ МАРКАЛЫ «COPAITALIA», «BOMBINO», «ПРИМА МОРОЖЕНОЕ» БАЛМҰЗДАҚ ӨНДІРУШІЛЕРІ ҚАТЫСТЫ.
Фестиваль аясында елорда тұрғындары мен қонақтарына «Тәттіқұмарлар патшалығы» мәдени-сауықтыру бағдарламасы ұсынылды. Онда балалар аниматорлардың, әртістердің өнерін тамашалап, балалар аттракциондарда ойнады. Бұл ғана емес, ересектерге жанұялық би кеші де ұйымдастырылды. Фестивальдің тағы бір ерекшелігі, бұл күні өрендерге бие сүтінен жасалған балмұздақ ұсынылды. Төрегелді Шарманов атындағы Қазақ тамақтану академиясының зертханасында жасалған бұл балмұздақтар бүгінде үлкен сұранысқа ие. «KAZBRANDS» қоғамдық қорының «Балмұздақ-бренд-2017» аталымын жеңіп алған өзіміздің өнімнен дәм татқан фестивальде балалар үйі мен интернаттарының, аз қамтылған отбасыларының балаларына ерекше көңіл бөлініп, оларға балмұздақтар тегін таратылып, сыйлықтар берілді.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бас қалада жұмыс істейтін балмұздақ өндіруші компаниялардың барлығы фестивальге қатысуға ниет білдіріпті. Алайда олардың арасынан тек 10 компания ғана тіркелген. Бұл күні балмұздақ өндіруші компания­лар елордалық балалар, жетімдер, интернат үйлеріне 1 000 данамен өз өнімдерін таратса, бұл алаңда сағат түскі 12-ге дейін тегін балмұздақтар таратылды.

Гүлжан
РАХМАН

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button