Жаңалықтар

БІР ЕЛ! БІР ТАҒДЫР! БІР ЕЛБАСЫ!

DSC_2974Тұңғыш Президент күні Астана салтанатты шаралардың сахнасына айналды. Ең ауқымды мерекелік концерт «Бір ел! Бір тағдыр! Бір Елбасы!» деген атпен елордадағы «Сарыарқа» велотрегінде өтті. Оған он мыңға жуық студенттер мен оқушылар қатысты.

Бір ел – бұл барлығымыз үшін ортақ ұлттық мүддеге жұмылған ортақ Қа­зақстан. Бір тағдыр – барлығымыз бір­ге жүріп өткен қиындық­тар мен жеңістер. Бір Елбасы – бұл жаңа мемлекет қалып­тасуының өтпелі кезеңінде өз тағдырын сеніп тапсырған Қазақстан халқының жауапты таңдауы. Міне, қоғамдық келісімді ұстап тұратын осы үш таған мерекелік концерт­тің басты арқауына айналды.
Кеш тізгінін ұстаған белгілі әртістер Азамат Сатыбалды, Сырым Қашқабаев және Әділ Ахметов дәстүрге айналған іс-шараның мәні мен мазмұнын жастарға ұғындырды. Олар көпшілікке еліміздің болашақ элитасының қалыптасу үдері­сі, саяси-экономикалық ре­фор­ма­лардың табысты­лы­ғы, елі­міздің әлемдік қауым­дастық алдындағы беде­лі ту­ралы баяндады.
DSC_3003

Іс-шара барысында елор­далық оқушылар арасын­дағы «Қазақстан – 2050: оқушылар көзімен» байқауы­ның же­ңім­паздарын салтанатты марапаттау рәсі­мі өтті. Тұңғыш Президент күні қарсаңында он мыңнан астам оқушы қатыс­қан бәйгеде «Үздік эссе» аталымын №66 мектеп-лицейдің 11-сынып оқу­шысы Әйгерім Балабекова иеленді. «Үздік ғылыми жұмыс» жеңімпазы болып Оқушы­лар сарайы­ның шәкірті Темірлан Нәби танылды. «Үздік инновациялық жобада» бір­лесіп еңбек еткен №48 мек­теп-ли­цейдің оқушылары Қайнар Қаһар­ман мен Самат Өмірзақ топ жар­ды. Ал «Үздік сәулет идеясы» №35 мектеп-лицей­дің өрені Әрсен Айбасовқа берілді. №50 мек­теп-лицейінің түлегі Наз­гүл Дүй­сен­баева «Көшбасшы оқушы» атанды. Олардың барлығына құр­мет пен сый-сияпат көрсетілді.

DSC_3045

Сонымен қатар, мерекелік шарада шынайы бақыт­тың формуласы бүлдіршіндер көзімен берілді. «Отбасы бар, елі бар, Елбасы бар берекелі елдің бәрі бақытты!» деген қос балақай бүгінгі бейбіт өмір­дің бей­несі іспетті. Кө­рермендер Оқушылар са­райы­ның, «Ренессанс» балет мекте­бі­нің және өскемендік «Флэш» тобының қаты­суы­мен «Бақыт» қойылымын та­ма­­­ша­лады. Шарада жас­тар­дың рухын көте­ретін пат­риот­­тық әндер де шырқалды. «Алашұлы» тобы, Мәдина Сәдуа­қасова, Ас­тана опера және балет театрының әртіс­­тері көңіл асқақтататын көте­ріңкі әндерін тарту етті.
Мерекелік бағдарламада Қа­зақ­станның ел болып қалып­тасу жолы мен 22 жыл ішін­де жеткен жетістіктерін ай­шық­тайтын қойылымдар көр­сетілді.

Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button