Жаңалықтар

БІРЛЕСКЕН ЖҰМЫС БЕРЕКЕЛІ БОЛМАҚ

Кеше елорданың  үкіметтік  емес ұйымдары «Қазақстан» ОКЗ жиналып, қаладағы азаматтық қоғамның жай-күйін талқылады. Үкіметтік емес ұйымдардың қалалық форумына Астана әкімінің орынбасары Аида Балаева, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары,  аталған саланың өкілдері қатысты. Форумның модераторы Аида Балаева «бұл жиын атқарылған істі пысықтап, алдағы жұмыстың жоспарын бағдарлау үшін қажет» екенін айтты. Сондай-ақ қоғамдағы көкейтесті мәселелерді және  оны бірлесіп шешу жолдарын ортаға салуға мүмкіндік беретін ашық сұхбат алаңы екенін жеткізді. 

ым қызмет етеді. Соңғы екі жылда солардың көмегімен мем­лекет­тік әлеуметтік тапсы­рыс бойынша жалпы құны 120 млн теңгеге 50-ден астам жоба жүзеге асырылды. Бұл мәліметті тіл­ге тиек еткен Ішкі саясат бас­қармасының бастығы Болат Тілепов аталған саланың өзекжарды мәселелеріне тоқтал­ды. Бұған дейінгі форумдарда айтылып келген «Мемлекеттік әлеуметтік сатып алу туралы» заңның кемшін тұстарын тағы бір мәрте еске түсіруге тура келді.

– Ішкі саясат басқармасы – үкі­мет­тік емес ұйымдар үшін кон­курс жариялайтын бірден-бір орган болғандықтан, қо­ғам­дық ұйымдар тарапынан на­разы­­лық­қа жиі ұшырайды. Жиі көтерілетін мәселе – әлеуметтік тапсырыс конкурсына қатысты. Мемлекеттің  қоғамдық ұйымдар­дың жобаларын қаржыландырып келе жатқанына 6 жылдан асты. Нәтижесі көз алдымыз­да. Әйтсе­ де, мемлекеттік қаржы­лан­­­ды­ру – сұраныс білдір­ген  ҮЕҰ-ның есеп шотына ақшаны аудара салу емес. Бұл саланы реттейтін тиісті заңдар мен белгіленген тетіктер бар. Өздеріңізге белгілі, жақында аталмыш заңға өзгеріс енгізілді. Оған тек ұйымдардың ғана емес, біздің де келіспейтін тұстарымыз бар, – деді Б.Тілепов.

Оның айтуынша,  бірінші мә­се­ле конкурстық процедура­лар­ға қатысты. Екіншіден, кейбір ұйым­дар қоғамдық мүддеден гө­рі, өзінің жеке мүддесін жоғары қо­й­­ып, бастапқы бағытынан жа­ңы­лып жатады. Үшіншіден, ұйым­дардың тақырыптық шең­бері тар болып тұр. Нақты жұмыс атқарып отырған ұйымдардың дені ген­дер­лік саясат, салауатты өмір салтын қалыптастыру, жас­тар мәселесіне дендеп жүр. Халықтың белгілі бір дең­гейде сауатын ашуға ауа­­дай қажет болып тұрған ұйым­дар жоқтың қасы. Мәселен, жұ­мыс­сыздық, еңбек дауын шешу, тұрғын үй-коммуналдық саласындағы жаңашылдықты елге егжей-тегжей түсіндіруге қол ұшын беретін ұйымдар болса құба-құп. Түптеп келгенде, бұл үкіметтік емес ұйымдар тарапынан кейбір салалар елеусіз қалып отыр дегенге саяды. Сондықтан, оларға мемлекеттік органдармен бірлесе жұмыс істеу қажет-ақ.

Форумда азаматтық шығарма­шы­лық­ты дамыту қажеттілігі де сөз болды. «Нұр Отан» ХДП  Парламентаризм инсти­ту­­­­ты­ның директоры Болат Байқа­дамов азаматтық қоғамды қа­­л­­­ып­­­тас­тырып, дамыту тек мем­ле­кеттің ғана емес, үкіметтік емес ұйымдардың да міндеті еке­нін баса айтты. «Оны дамытуға билік емес, бұқараның өзі мүд­де­­­лі болуы керек» дейді ол. Ал «Қазақстанның азаматтық альянсының» бірінші вице-президенті Салтанат Рахым­бе­к­­ова жиналғандарға «Қазақстан­ның әлеуметтік мо­дер­­ни­­за­ция­­сы арқылы тұрғын үй қатынастарын дамыту» та­қы­­ры­­бында баяндама жасап, әріптестерін аталған са­ла­­ны да­­мы­­туда белсенділік та­ны­­туға ша­­қыр­­ды. Бұдан бөлек, ең­бек адамдарының әлеуметтік қол­дау­да­­ғы кәсіподақтың рөлі мен ҮЕҰ мемлекеттік органдармен әріптестігін жандандыру ту­ра­­­лы айтылды. Форум соңында әлеуметтік жобалар сайысының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтіп, үздік танылғандарға ұйымдастырушылардың сый-сияпаты табысталды.

Айнұр ШОШАЕВА

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button