Елорда күні

Болашағымды байланыстырамын

Жеті жылдан бері бас қалада тұрамын, балалық шағым да осында өтті, дос­тарым да осында. Ұзақ уақыттан бері тұрып жатқандықтан қаланың әр көшесі ыстық. Басқа қалаларда болып көрдім. Бірақ астана сияқты әсер бермейді. Көпшілігі елорданың «қысы суық» деп жатады. Мен үшін қаланың қысы да, жазы да ерекше, басқа қалаға ұқсамайды. Сосын астананың аспанын жақсы көремін. Алматылықтар астанада тау жоқ деп айтып жатады. Бірақ күндізгі және күн батқан уақытта қарасаңыздар, әдемілікті көре аласыздар.

[smartslider3 slider=3424]

 

«Жастар», Музыкалық жас көрермен, Қалибек Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академия­лық қазақ музыкалық-драма театрындағы қойылымдарды асығып күтемін. Жетісу және Жерұйық саябағында оңашада серуендегенді жақсы көремін. Көпшілігі астананы оң және сол деп бөліп жатады ғой. Бірақ оң жағалауда нағыз қайнаған тіршілікті көруге болады. Ал сол жағалаудың ғимараттары әдемі. Сондықтан елордамыз күннен-күнге әдеміленген сайын оған деген махаббатым артып келеді. Болашағымды астанамен байланыстырамын. Себебі мүмкіндіктер қаласы деп айтар едім. Журналистика саласын таңдағаннан кейін мамандығым бойынша тәжірибе алмасуға да оңай. Мұнда барлық БАҚ бар. Бұл тұрғыда өзім оқып жатқан оқу орнының да берер көмегі көп.

Салтанат Шернияз,

Л.Гумилев атындағы Еуразия

ұлттық университетінің

3-курс студенті

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button