Елорда күні

Ашық аспан астында

«Астана» радиосы қала күніне орай музыкалық фестиваль ұйымдастырды. Ашық аспан ­астындағы «Astana FM ON AIR» музыкалық концерті «Бәйтерек» монументінің жанында өтті.

[smartslider3 slider=3438]

Сахнада Бейбіт Қорған, Дос, Аргоня, Гүлсім Мырзабекова, Айри, Еңлік, Рухия, Айсұлтан, Темірлан мен Ернат, «Алдаспан» тобы және еліміздің басқа да эстрада жұлдыздары өнер көрсетіп, қалың тыңдарманға белгілі туындыларымен жаңа әндерін тарту етті. Кешті аталмыш радио диджейлері жүргізді.Сахнада, негізінен, елордамыздың басты радиосында қойылып жүрген әндер шырқалды.

– Дәстүрлі жоба бұған дейін елордамызда жылда тұрақты түрде ұйымдастырылып тұратын. Алайда пандемия салдарынан үзіліс алуға мәжбүр болған едік. Енді, міне, жаңа леппен қайта жаңғыртып отырмыз. Еліміздегі бірегей концерттің бірі саналатын бұл шараға елордалықтар мен қала қонақтары жоғары бағасын берді, – деді «Астана» радиосының директоры Сымбат Танашева.

Мерекелік іс-шара Нұр-Сұлтан қаласы Мәдениет басқармасының қолдауымен өтті.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button