Ел тынысы

Бүгін Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Дэвид Кэмерон Қазақстанға келеді

24-25 сәуірде Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің Сыртқы істер, Достастық және халықаралық даму министрі Дэвид Кэмеронның Қазақстан Республикасына сапары өтеді деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Астанада Д.Кэмерон мемлекет басшылығының қабылдауында болып, Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеумен келіссөздер өткізеді.

Сапар аясында саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін, сондай-ақ өзекті өңірлік және халықаралық тақырыптарды талқылау жоспарланып отыр.

Сапар қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойылады деген жоспар бар.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button