Ел тынысы

«Анама қарап бой түзеймін»

Елордада «Анама қарап бой түзеймін» атты ұлттық байқау өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Жобаның басты мақсаты – ұрпақ тәрбиесін ұлағаттау. Талантты, ибалы, инабатты қыздар мен оларға өнегелі тәрбие беріп отырған аналарды насихаттау.

Журналист Бағдагүл Рахметқызының авторлық жобасы 2022 жылы – Балалар жылына орай отбасылық құндылықтарды дәріптеу, анасы мен қызы арасындағы әдемі әдепті көрсету мақсатында бастау алған.

Биыл байқауға 7 үміткер қатысты. Олар Астана қаласы, Ақмола, Қарағанды және Жамбыл облысынан келді.

Байқау 4 кезеңнен тұрады. Олар: таныстыру және өнер көрсету бөлімі; салт-дәстүрімізден көрініс; салт-дәстүрге байланысты сұрақ-жауап, мақал-мәтелдердің жалғасын табу, ұлттық тағам әзірлеу және қолөнер туындыларын таныстыру.

Ал байқауға, белгілі әнші Майра Ілиясова, қоғам қайраткері Оразгүл Асанқазы, ұлттық өнер дизайнері Ырза Тұрсынзада, журналист Бағдагүл Рахметова т.б. қазылық етті.

«Бұл бағдарламаның ұлтымызға берері мол. Қазақ деген халқымыздың, ұлттық құндылығын ғасырлардан-ғасырларға жеткіземіз дейтін болсақ, әуелі аналарға көңіл бөлуіміз керек. Сондықтан осындай жобалардың маңызы зор деп білемін», – дейді белгілі қоғам қайраткері Оразгүл Асанғазықызы.

Әділқазылар шешімімен бас жүлде Жамбыл облысынан келген Шәкизат Мыңбосыноваға бұйырды.

Бас жүлде иегерлері Катар мемлекетіне 1 аптаға тегін демалыс ұтып алды.

«Ұлттық салт-дәстүрлерімізді жаңғыртатын жобаның жанашыры ретінде бас демеуші болуға шешім қабылдадық. Осымен 3-ші жыл қатарынан байқауға сый дайындап келеміз. Биыл да бас жүлдеге Катарға жолдаманы тіктік. Жеңімпаз анасы мен қызы қонақүйі, тамағы, жолы тегін жолдамамен шетелде бір апта демалып келетін болады», – дейді туристік агенттіктің директоры Динара Асанова.

Сондай-ақ екі 1-ші орынды Шынар Батталова мен Майра Жәйтінбекқызы бөлісті. Сонымен қатар, 2-ші орын мен 3-ші орын қос-қос жүлдегерге бұйырды.

Айта кетейік, аталған жоба республикалық «Ару Ана» үздік әйелдер жобалары конкурсында Астана қаласы бойынша 2024 жылдың үздік жобасы деп танылды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button