Ел тынысы

Үлескерлер мәселесі шешімін табуда

Елордада құрылысы ұзаққа созылған тұрғын үйлердің проблемасы қалай шешіліп жатыр? Бұл туралы кеше өткен Үкімет отырысында Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек айтып берді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Жиында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевтың, бірқатар өңірлердің әкімдерінің алданған үлескерлермен жұмыс, заңсыз құрылыспен күрес, инженерлік желілерді жүргізуге бөлінген қаржының игерілуі туралы баяндамалары тыңдалды.

«Біріншіден, тұрғын үй құрылысы жөніндегі ведомствоаралық комиссия, үлескерлер мен құқық қорғау органдарының қатысуымен жүйелі кездесулер өткізудеміз. Бұл туындаған мәселелерді жедел шешуге мүмкіндік береді және салымшылардың арасында әлеуметтік шиеленіске жол бермейді. Екіншіден, құрылыс компанияларына техникалық және қаржылық аудит жүргізуге, жобалық құжаттаманы сәйкестендіруге, инженерлік желілерді салу мен қосуда толық көмек көрсетудеміз», – деді Жеңіс Қасымбек Үкімет отырысында.

Сондай-ақ, елорда әкімі проблемалы тұрғын үйлердің құрылысын аяқтау үшін ірі инвесторларды тартып жатқанын айтты.

«Салынып жатқан тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстары күнделікті бақылауда», – деді Жеңіс Қасымбек.

Бұған дейін Астана әкімі проблемалы нысан салымшыларының 90% баспаналы болғанын, қалған салымшылар маусымның соңына дейін пәтер кілтін алатынынын айтқан еді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button