Жаңалықтар

Бүгін Астанада «Қуатты өңір – Қуатты Қазақстан» бағдарламасының аясында Алматы облысының күндері жалғасып жатыр.

nur_0553

Таңертең ғасыр жасап, «қазақтың Гомері» атанған ақын Жамбыл Жабаевтың  ескерткішіне гүл қою рәсімі ауылшаруашылық жәрмеңкесімен жалғасты.

Ал қазір Конгресс-холда «Талдықорған: кеше, бүгін, ертең» атты көрме мен «Жетісу – жұмақ мекенім» концерті өтіп жатыр.
Астана әкімі Әсет Исекешев аралаған көрмеде Талдықорған қаласының дамуы жөніндегі фотошежіре, жергілікті жерде шығарылған өнімдер және туризм туралы материалдар қойылған.

nur_0388

Сондай-ақ өңірдегі достық пен татулықты паш ететін Қазақстан халқы Ассамблеясына жеке бұрыш берілген.
Ал концертте Алматы облысының өнер ұжымдары Кененнің және аймақта бұрын-соңды өткен өнер иелері мен жергілікті композиторлардың әндерімен астаналықтарды және қала қонақтарын сусындатуда.

Алматы облысының Астанадағы күндері ертең де жалғасатының айта кетейік.  Оқушылардың сарайы маңындағы жәрмеңкеде Жамбыл елі өнерпаздарының өнеріне тағы құлақ құрышын қандыра аласыз.

Аманғали ҚАЛЖАНОВ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button