Қала тіршілігіПрезидент пәрменіЭкономика

Бұл – саяси жетістіктер мейрамы

01-05,07,06

1991 жылғы 1 желтоқсанда, алғаш рет жалпыхалықтық сайлау өтіп, егемен Қазақстанның негізін салушы – Нұрсұлтан Назарбаев тұңғыш рет Президент болып сайланды. Қазақстанның саяси жетістіктерінің құрметіне былтырдан бастап 1 желтоқсан «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні» болып жарияланды.

 
Жақсыбек ТӨКЕЕВ
Жақсыбек ТӨКЕЕВ
Жақсыбек ТӨКЕЕВ,
Астана қаласы әділет департаменті
басшысының орынбасары:

Бұл жаңа мемлекет қалыптасуы­­ның өтпелі кезеңінде сенімді басшыға өз тағдырын тапсырған Қазақстан халқының жауапты таңдауы еді. Шын мәнінде, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында тәуелсіз Қазақ елі қалыптасып, тарихымыз түгенделіп, тіліміз, дініміз және діліміз қайта оралып, мемлекетіміздің ұлттық рәміздері қабылданды.

Мемлекет басшысы Ақордада өткен тілшілермен кездесуінде: «Бұл Назарбаевтың жеке мерекесі болып табылмайды. 1991 жылғы бірінші желтоқсанда Қазақстан алғаш рет дамудың жаңа жолы  – президенттік басқаруды таңдаған болатын. Бұл жүйе бүкілхалықтық референдумда бекітілді. 1991 жылдан бастап мемлекет жетістікке жетті. Міне, мерекені осындай түрде тойлау қажет» дегені есімізде.

Тәуелсіздік алған уақыттан бергі қол жеткізген жетістіктеріміз Тұңғыш Президенттің атымен тікелей байланысты. Елбасының басшылығымен демократиялық құндылықтарды құрметтеу, ашық қоғам құру, адам құқын қорғау мен сөз бостандығын өркениет өрісіне сай қамтамасыз ету салаларында ауыз толтырып айтарлықтай табыстарға жеттік.

Еліміздің экономикасын көтеріп, халқымыздың әл-ауқатын арттыру, саяси реформалар жүргізіп, басқарудың тиімді тетіктерін қалыптастыру бағыттарында да қомақты шаруалар атқарылды. Республикамыз қазірге дейін бірқатар халықаралық ауқымды шараларға бастамашы болып үлгерді. Әлемдік, өңірлік деңгейдегі құрылымдарды өмірге әкелудің көш басында, әрине, Мемлекет басшысының өзі жүрді.  Ел ішіндегі этносаралық татулық пен дінаралық келісім үдерістері өзгелерге үлгі етерліктей биік дәрежеге көтерілді. Дүниежүзілік, аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы күш-жігеріміз де халықаралық қоғамдастық тарапынан лайықты бағасын алуда. Әлемнің көптеген мемлекеттерімен тең дәрежеде достық, ынтымақтастық орнаттық.

Айталық, 2010 жылғы Қазақ­станның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы «Сенім. Дәстүр. Ашықтық және Төзімділік» сынды жалпы құндылықтарға негізделді. Жоғары деңгейде өткен саммит жұмысына 56 елдің мемлекет, үкімет және сыртқы саяси ведомстволарының басшылары қатысты.

2012 жылғы 29 тамызда Астанада «Ядролық сынаққа тыйым салудан – ядролық қарусыз әлемге» атты халықаралық конференция өтті. Меймандар жаһандық бейбітшілікті және ядролық қауіпсіздікті қолдау үшін Қазақстан басшылығының жасаған нақты қадамдарын атап өтті. Президент Н.Назарбаевтың тұрақты және қауіпсіз әлем құру ісіндегі рөлі жоғары бағаланды.

Ал, 2017 жылы Астанада өтетін ЕХРО-2017 Орталық Азия өңіріндегі ғана емес, ТМД аумағында өткізілетін алғашқы халықаралық көрме болмақ. Халықаралық «EXPO» көрмесінің Астанада өткізілуі – жаһан жұртшылығының Қазақстанды мойындай білгендігінің белгісі деп білемін.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button