Референдум - 2022

Дәрігерлер реформаны қолдайды

Eлордалық дәрігерлер республикалық референдум өткізуді талқылады. Қалалық клиника басшылары мен бейінді басқарма басшылығының қатысуымен өткен жиналыстың басты тақырыбы алдағы республикалық референдум болды.

[smartslider3 slider=3072]

Әкімдікте қалалық клиникалар директорларымен бірге еліміздің басты құжатына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі референдумның рөлі талқыланды.

Елордалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов Конституциялық реформаның негізгі бағыттарына тоқталды. «Бұл шын мәнінде «Жаңа Қазақстанның» қалыптасуындағы басты саяси оқиға. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың референдум өткізу туралы шешімі елдің саяси өмірінде ғана емес, қоғамдық өмірінде де маңызды болып табылады. Референдум біздің азаматтық ұстанымымызды нығайтуға мүмкіндік береді. Елдегі қоғамдық-саяси жағдайға жағымды әсер етеді. Медициналық қоғамдастықты алдағы саяси өзгерістер мәселесінде шетте қалмауға және өз дауысын беруге шақырамын» деді басқарма басшысы.

Жұмыс жиналысында конс­титуциялық реформаларды талқылаудан басқа, денсаулық сақтау жүйесіндегі ағымдағы мәселелерді талқылады, қаланың медициналық ұйымдарының, соның ішінде жекеменшік ұйымдардың жұмысының негізгі бағыттарына тоқталды. COVID-19-ға қарсы вакцинация мәселесіне ерекше назар аударылды. Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустың жаңа штамдарының айналымы туралы айтқан болатын.

Қала тұрғындарын вакцинациялауға және денсаулығына жауапкершілікпен қарауға шақырады. Бүгінгі күні қала бойынша 500 мыңға жуық тұрғын иммундаудың толық курсынан өтті, шамамен 128 мың адам қайта вакцинация­ланды.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button