Саясат

Елді елең еткізген

Саусақ таңбасы – көлік кілті

Оңтүстіккореялық авто өндірушілер саусақ таңбасымен оталдыруға болатын көліктерді іске қоспақ.

Hyundai компаниясы кәдімгі смартфондардың бетін кодсыз саусақ табымен ашатыны сияқты көліктердің есігін де кілтсіз ашуға болатынын айтады. Тіпті жүргізе де аласыз. Әрбір көлікте екі сенсордан болады. Бірі сыртында кіріп-шығуға, екіншісі рөлдің жанында көлікті оталдыруға бағытталады. Егер көліктің бірнеше жүргізушісі болса, олардың әрқайсысын жеке-жеке танып, әрқайсысының ыңғайына қарай орындығы, рөлі, айнасы және басқа да параметрлері автоматты түрде өзгереді.
Бұл жаңа жүйемен іске қосылатын бірінші көлік Hyundai Santa Fe кроссовері болады. Ол 2019 жылдың бірінші жартысында шықпақ.

Рождество тойланбайды

Қытайдың Хэбэй провинциясына қарасты Ланфан қаласында Рождество мерекесі тойланбайтын болды. Жергілікті билік бұл мейрамның атап өтілуіне тыйым салды.

South China Morning Post басылымы көшелерге шыршалар ілініп, түрлі мерекелік атрибутиканы қолдануға, оларды сатуға, сондай-ақ осы мейрамға орай іс-шаралар ұйымдастыруға шектеу қойылғанын хабарлады.
Бұған қоса қала тұр­ғындарының өз терезелерін Рождествоға қатысты түрлі заттармен сәндеуге болмайды. Осыған байланысты 23-25 желтоқсан аралығында құқық қорғау органдарының бүкіл штаты мерекені тойлаудың алдын алу үшін қаланы күзетуге шықпақ.

«Қазынаға» толы ғаламшарлар

Швейцария мен Ұлыбритания университеттерінің ғалымдары бірлесе отырып, «қазынаға» толы ғаламшарларды тапты.

Ғалымдар әзірге үш планетаны анықтады. Олардың бірі «HD 219134 b» деп аталады. Ол Жерден 21 жарық жыл қашықтықта орналасқан. Ал екіншісіне «55 Cancri» деген атау берілген. Бұл ғалам­шар Жерден 41 жарық жыл қашықтықта орналасқан. Үшіншісі – «WASP-47 e». Ол тіптен алыс, шамамен 870 жарық жыл мөлшерінде орналасқан. Олар шаң мен газдан құралып, үлкен планета болып қалыптасқан көрінеді. Осының әсерінен мұнда кремний, темір, магний секілді элементтер пайда болған. Ал «55 Cancri» планетасының алып алмаз тасқа ұқсайтыны Astrophysical Journal Letters журналына жарияланған.
Жарық жылы – жарықтың бір жылда өтіп шығатын қашықтығы.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button