Ел тынысы

Елордадағы Арғымақ кешенінің ерекшелегі неде?

2022 жылдың қазан айында елордада халықаралық стандарттарға толықтай сай келетін «Арғымақ» ат спорты кешені ашылды. Елорданың Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары м.а. Азамат Ағзамов кешеннің жұмысы туралы айтты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

«Арғымақ» кешені Астананың орталығынан 15-20 минуттық жерде орналасқан. Бұл орын өте ыңғайлы, жылқылардың тыныштығы үшін де маңызды. Оның қалаға жақын болуы да келушілерге ыңғайлы. «Кешен аумағында үш ат қорасы бар, онда жылқы ұстауға қажет барлық жағдай жасалған.

«Арғымақ» кешенінің ерекшелігі – кез келген деңгейде ат спорты жарыстарын өткізуге мүмкіндік беретін спорт нысандарының болуы. Сондай-ақ, спорттық-сауықтыру шараларын, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған иппотерапияны ұйымдастыру және өткізу бойынша кешеннің республикада теңдесі жоқ. Бір сөзбен айтқанда, «Арғымақ» – Қазақстандағы ең ірі көпсалалы ат спорты кешені», – деді Ағзамов.

Нысан емдеу-сауықтыру жұмыын (иппотерапия) жүргізуге арналған, сонымен қатар балалар мен ересектерге атқа мінуді үйретеді, спорттық, бұқаралық спорттық және ойын-сауық шараларын ұйымдастырады. Мұнда 20 жылқы бар, оның 10-ы сауықтыру шараларына белсене қатысады. Әр жылқы күніне екі сағат иппотерапиямен айналысады.

Айта кетейік, өткен жылы Астанада иппотерапиялық оңалту қолға алынған болатын. Пилоттық жобаның үш айында 72 бала емделді. Қазір мұнда 40-тан астам бала тұрақты келеді.

Ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған оңалту сабақтарын сейсенбі және бейсенбі күндері аккредиттелген ұйымдарда білім алған реабилитолог дәрігерлер, сондай-ақ иппотерапия саласындағы білікті мамандар жүргізеді.

«Арғымақ» ат спорты кешенінің қала тұрғындары мен қонақтарына қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында арнайы платформа енгізілді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button