ЖаңалықтарҚала мен Сала

ЕҢБЕК ОРТАСЫ КЕРЕНАУЛЫҚТЫ КӨТЕРМЕЙДІ

raznyie-professii-vzglyad-iznutri

Президенттің 2013 жылдың 22 қарашадағы №698 Жарлығымен  қыркүйектің  соңғы  жексенбісі «Еңбек күні» мерекесі деп бекітілді.

Тарихқа көз салсақ, алғаш рет оны 1890 жылы Варшавада атап өткен. Қаланың басты көшелерімен жүріп өткен шеру 1886 жылғы 1 мамырда Чикагода болған жұмысшылар ереуіліне орайластырылған болатын. Чикагодағы ірі кәсіпорын жұмысшыларының адам төзгісіз ауыр жұмыс ахуалына бас көтеріп, 8 сағаттық нормалы еңбек тәртібін табандап тұрып талап етуі үлкен уақиға болып, басқа елдердегі мұңдастарға қозғау салды.

1889 жылы II Интернационал Париж конгресі еңбеккерлердің құрметі үшін 1 мамырды ресми мереке ретінде жариялады.

Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласында: «Бүгінде еңбек – ХХІ ғасыр жағ­дайындағы шешуші ұлттық фактор ретінде, жаһандық бәсекелестік жағдайында алдыңғы кезекке ілгерілетілуі тиіс» деген болатын. Алайда, бүгінде белең алған тұтынушылық идеологиясы көптеген дамыған елдерде әлеуметтік масылдық психологиясын туындатып, әлемдік дағдарыстың басты себебіне айналуда.

Еңбек керенаулықты көтермейді. «Алма, піс, аузыма түс» деп шалжиып жататын, оңай жолмен ақша тапқысы келетін қоғамның түбі ұшпаққа шықпайтыны бүгіннен белгілі боп қалды.

Ал, одан арылу үшін кез келген мемлекетке еңбеккер беделін көтеріп, әлеуметтік қорғау саясатынан гөрі әлеуметтік прогресс саясатына көшудің маңызы өте зор.

Мемлекет басшысы бүгінгі таңда түп негізінде мемлекет, жеке сектор және кәсіподақ арасындағы әріптестік механизмдері ескерілген, шиеленісті жағдайлардың алдын алатын құқықтық нормалар мен әділ заңдарға сүйенетін әлеуметтік-еңбек қатынастарының тиімді моделін қалыптастыру керектігін біраз жылдан бері қайталап айтып келеді. Ал, әлеуметтік жаңғыру өз кезегінде адамдардың сана-сезімінде сілкініс туғызады.

Астана қаласының Еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы еңбеккер құқын қорғауға және жұмыс орнында қауіпсіз жағдайды қамтамасыз ету мәселесін қадағалауға айрықша басымдық береді.

Тәжірибе көрсеткендей, мұндай келеңсіздіктер орын алмас үшін жұмыс беруші, кәсіподақ арасында келісілген, бірлескен жұмыс жүргізілуі керек. Тек сонда ғана құрылыс, өндіріс алаңдары секілді қауіптілігі өте жоғары еңбек ортасын жақсарта аламыз.

К.ЫсқаҚов,

Астана қаласының Еңбек инспекциясы жөніндегі басқарма басшысы
орынбасарының міндетін атқарушы

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button