Жаңалықтар

Еңбектене білгеннің еңсесі биік

Тәуелсіздіктің 21 жылдығына орай Астана қаласының әкімі Иман­­­ғали Тасмағамбетов еліміз­дің­­ да­­­муына елеулі үлес қосып жүр­ген бір топ елордалық азаматқа Мем­­­ле­кет басшысының атынан мем­­лекет­тік наградалар табыс етті:

– Тәуелсіздік – мемлекетіміздің ең­ басты құндылығы. Оның мәні мен­ мәр­тебесі қазақ елі үшін қан­ша­­лықты қадірлі екендігін сіздер мен­ біздер жақсы білеміз. «Ер ман­сабы – ел ниетінен» дейді. Тәуел­сіздігіміздің тұғырлы болуына сіздердің қосқан үлестеріңіз бен еңбектеріңіз үлкен. Бүгінгі марапатты мемлекеттің сіздерге деген ізеті мен құрметі деп білгейсіздер, – деді.

Иманғали Нұрғалиұлы тәуелсіз­дік алғалы елорда да қарқынды өсіп, халық саны 2,5 есеге көбей­ге­­нін, еліміз бойынша ішкі жалпы өнім­дегі Астананың үлесі 7 есе өс­кенін атап өтті. Сондай-ақ, елор­да Астана болғалы 10 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға бе­ріл­се, соның 4 млн шаршы метрі соң­ғы үш жыл ішінде салынған.
Астананың қол жеткізген жетіс­тік­терін нақты көрсеткіштермен атап көрсеткеннен кейін елорда әкімі марапаттау рәсімін бастады.

Елорда­лықтардың ішінен ІІІ дәре­желі «Барыс» орденімен Ұлт­тық ғылыми медициналық орталығының бас директоры Абай Байген­жин, «Парасат» орденімен «Корпорация «Цесна» АҚ дирек­тор­­лар кеңесінің төрағасы Серік Жақсыбеков және «Концерна «Цесна-Астық» ЖШС басқарма тө­ра­ғасы Николай Мещеряков мара­­пат­талды.

Елорда әкімінің қолынан «Құр­мет» орденін «Шар-Құрылыс» ЖШС атқарушы директоры Берік Аманов, № 1 қалалық емхананың дәрігері Людмила Астахова, Л.Гумилев атындағы Еура­зия­ ұлттық университетінің ка­фе­д­ра меңгерушісі Рахметқажы Бер­сім­бай, «ПСК «Клен» ЖШС бас директоры Франц Вольский, Ас­тана қаласының Мемлекеттік фи­лармониясы камералық хоры­ның көркемдік жетекшісі Ержан­ Дә­уітов, «Жолаушыларды та­сы­мал­дау орталығы» ЖШС ди­рек­то­ры­ның бірінші орынбасары Ба­қыт­жан Ертаев, «Құлагер» құ­ры­лыс корпорациясы» ЖШС бас директорының орынбасары Нұрлан Жылқайдаров, С.Сей­фул­лин атындағы Қазақ агро­техникалық университетінің ректоры Ақылбек Күріш­баев, «Арқа-Құрылыс компаниясы» ЖШС бас директоры Серік Ман­­таев, «Нұр Отан» ХДП Астана қалалық фи­лиалы төра­ға­­сының орын­басары Мей­рамбай Ора­лов, «Опе­ра және балет­ театры» ЖШС директо­ры Василий Пет­ру­­­щак, № 1 қалалық ауру­хананың дә­рі­гері Валентина Попова, № 8 Балалар мен жасөспірімдер маман­дан­ды­рыл­ған олимпиадалық резерв спорт мектебінің директоры Жомарт Сабыржанов және «Беркат» консорциумының басқарма төрағасы Сайфудин Хамхоев алды.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен «Астана су арнасы» МКК бас директоры Уәлихан Досаев және осы меке­менің бригадирі Мұратбек Әл­жанов, Қуыршақ театрының көркемдік жетекшісі Құралай Ешмұратова, «Билд Инвестментс Групп» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі Бауыржан Исабаев, «Азия-Фрахт» ЖШС бас директоры Тамара Лавриненко, «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағын әкім­шілендіру басқармасының бастығы Медер Мәселов, «Қай­сар» спорт клубының дирек­торының орынбасары Алевтина Новикова, №60 мектеп-лицейдің директоры Эльмира Суханбердиева, «Астана-Қамқор» ЖШС бас директоры Тимур Уразаков және «Қалалық жылжымайтын мүлік» МКҚ директоры Мирас Шекенов марапатталды.

«Шапағат» медалімен қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының бөлімше меңгерушісі Ләззат Аяшева, қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасының мейірбикесі Галина Баетова және №1 қалалық аурухананың аға мейірбикесі Тамара Торкина марапатталды.

Сондай-ақ, 7 адам «Қазақстан­ның еңбек сіңірген кайраткері» құрметті атағымен марапатталды. Олар – Қ.Қуанышбаев атындағы Мем­лекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының қызметкерлері Түймехан Атым­та­ева, Нұрлан Жұманиязов, Гүл­баршын Қылышбай, Кеңесбай Нұр­ланов және Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Мұхтарбай Өтелбаев, жазушы Тортай Сәдуақас, Астана қаласы Мемлекеттік филармониясы «Сарыарқа» ұлттық аспаптар ансамблінің көркемдік жетекшісі Нұрлан Хамзин.

Бұдан өзге бір топ азамат Қазақ­стан Республикасының «Құрмет» грамотасымен марапатталды.

Қымбат ТОҚТАМҰРАТ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button