Ел тынысы

Ерлігі аңызға айналған Ә. Сембиновтың көрмесі өтеді

Астанада ерлігі аңызға айналған Әлмұқан Сембиновтың көрмесі өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
2024 жылдың 23 сәуірі күні Астана қаласының мемлекеттік архивінің ұйымдастыруымен «Ерлігі – ұрпаққа ұран» атты Ұлы Отан соғысының ардагері, ерлігі үшін үш мәрте «Даңқ» орденімен марапатталған бірегей батырлардың бірі Әлмұқан Сембиновтың 100 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтеді.
Дөңгелек үстелдің мақсаты өскелең ұрпақтың бойына патриоттық сезімін қалыптастыру, ерлікке, Отаншылдыққа, елжандылыққа, аталар ерлігін мақтан тұта жалғастыруға, рухани-адамгершілік қасиеттері дамыған тұлғаны қалыптастыру, өзінің тарихын, елін, жерін, өсиетін құрметтеуге баулу.
Айтулы жиынға Әлмұқан Сембиновтың ұрпағы, Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы, Астана қаласы Қалалық ардагерлер кеңесі мүшелері, «Жас сарбаз» сыныбының оқушылары, Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы мен архив қызметкерлері, тарихшылар, зиялы қауым мен БАҚ өкілдері қатысады.
Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button