Ел тынысы

Жұмабек Тәшенев ескерткішінің аумағында тазалық жұмыстары жүргізілді

Астанада «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Жұмабек Тәшеневтің ескерткіші мен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Мемлекеттік әскери-тарихи мұражайындағы саябақта тазалық жүргізілді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Экологиялық акцияға Ұлттық әскери-патриоттық орталығы мен мұражайының басшылығы, «Жас сарбаз» жастар ұйымының оқушылары, Ж.Тәшенев атындағы №10 гимназия мектебінің оқушылары мен ұстаздары, сондай-ақ еріктілер қатысты.

«Бүгін мен бүкіл сыныбыммен бірге ауданымызға тазалық орнатуға шықтық. Қалаымызға, елімізге осылай көмектесеміз деп ойлаймын. Бай табиғатымызды аялап, қадірлеу – әрбір қазақ азаматының парызы», – деп бөлісті сенбілікке қатысушы өрен.

Іс-шара барысында аумақты тазартумен қатар, Жұмабек Тәшенев ескерткішінің аумағын да абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, оқушыларға «Киелі мекен» атты тәрбие сағаты өткізілді.

Естеріңізге сала кетейік, бұл апталық «Киелі мекен» деп аталады, оның аясында тарих және мәдениет ескерткіштерінің аумағын абаттандырылады.

«Жасыл аймақтың» деп аталатын келесі апталық ағаш отырғызу мен көшеттерді ақтауға арналады.

4 мамырға дейінгі кезең «Өнегелі ұрпақ» деп аталып, ардагерлердің аулалары мен қарттар үйінің аумағын тазалау мен абаттандыруға арналады.

«Мөлдір бұлақ» деп аталатын соңғы бесінші аптада су қоймаларының айналасы – өзен-көлдер қоқыстан тазартылады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button