Жаңалықтар

Ерлікке тағзым етті

Отан қорғаушылар және Жеңіс күніне орай ҚР Бас прокуратурасы қызметкерлері «Отан Ана» монументіне гүл шоқтарын қойды.

[smartslider3 slider=2927]

 Прокуратура ардагерлерінің балалары мен немерелері үлкендерді қолдарынан ұстап еріп жүрді, ал соңында барлығы мемлекеттік әнұранды бірге шырқады. Мереке қарсаңында Бас прокуратураның өзінде де салтанатты жиын өтті. Оған прокуратура саласындағы ардагерлер мен жеке құрам қатысып, Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқан майдангерлерді еске алды.

 «Биылғы Жеңіс күнін сұрапыл соғысқа қатысқан 19 соғыс ардагері мен тыл еңбеккерлері бізбен бірге қарсы алуда. Одан бөлек, қызметкерлеріміздің әкелері мен аталары да бүгінгі ашық аспан, бейбіт күнге жету үшін жанын пида еткен. Олардың есімі жадымызда мәңгі сақталады» деді еліміздің бас прокуроры Берік Асылов. Отан қорғаушылар күні қарсаңында Мемлекет басшысының Жарлығымен прокуратура органдарының өңірлердегі бірқатар басшыларының шені өсіп, «Құрмет», «Айбын» ордендері мен «Жауынгерлік ерлігі үшін» медальдары және т.б. мемлекеттік наградаларға ие болды.

 Қызметін адал атқарып, өзгелерге үлгі болған прокуратураның орталық аппаратының бірқатар қызметкерлері де ведомстволық наградалар және мерейтойлық медальдермен марапатталды. Іс-шара соңында сала қызметкерлерінің қатысуымен мерекелік концерт ұйымдастырылды.

 

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button