Ел тынысы

Хакатон – жарқын жобалардың қолдаушысы

15-16 сәуір аралығында Астанада «TRAVEL Hack: Transformative Routes, Adventure, Vision, Exploration, and Legacy» атты республикалық хакатоны өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Шараны «Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясы» АҚ қолдауымен Maqsut Narikbayev University ұйымдастырды.

Бұл хакатонның мақсаты – студенттердің стартап жобалары мен туризм саласындағы кәсіпкерлікті қолдау. Хакатонға еліміздің жетекші университеттерінен 100-ден астам студент қатысты. Іс-шараның жалпы жүлде қоры 1 600 000 теңгені құрады.

«Бұл хакатонның қатысушылары болашақта Nasdaq және басқа да биржаларда сатылатын жобаларды іске қосатынына сенемін. Студенттер жаһандық деңгейдегі цифрлық шешімдерді жасайтын провайдерлерге айналады деген ойдамын. «Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясы ретінде бұл шараға қолдау көрсетуді жалғастырамыз», – деді «Kazakh Tourism» басқарма төрағасы Қайрат Садуақасов.

«Бұл шара студенттерге өздерінің ең жақсы қасиеттерін көрсетуге және команда құруға мүмкіндік береді. Екі күн бойы олар тек идеямен ғана емес, оны жүзеге асырумен де айналысады», – деді MNU провосты Сергей Пен.

Хакатонда экотуризм, инклюзивті туризм, көлік компанияларына арналған шешімдер, ағылшын тіліндегі онлайн гидтер, қонақүйлерге арналған B2B шешімдері, туристік автобустар нарығы сияқты түрлі бағыттағы жобалар ұсынылды.

Бірінші орынды турагенттердің сенімділігін тексеретін жобаны әзірлеген «Dataflow» командасы алды. «Sanatopia» тобы екінші орынға ие болды, олардың жобасы қонақүйлерден корпоративтік бағаларды алу процесін цифрландыруға арналды. «Take over Blur» командасы хакатонның екі күн бойынша туристік автобустарға арналған қосымша әзірледі. Ал, «Fighting» командасы көрермен көзайымы жүлдесін алды.

Бұл шара туризм саласындағы инновациялар мен инновациялық шешімдердің маңызды алаңына айналды. Жүлде қорының демеушілері – «Туристік Қамкор» КҚ, «Caspian Center» ЖШС және «Qazaq Gourmet» мейрамханасы.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button