Ел тынысы

Ведомствоаралық штабтың жұмыс отырысы өтті

Бүгінгі таңда Астана қаласы бойынша есірткіге тәуелділігі бар 984 адам есепте тұр, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
2023 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 9,8%-ға төмендеу екені байқалады.
Алайда, нашақорлық әрқашан халықтың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіреді. Онымен күресудің ең тиімді жолы – халық арасында салауатты өмір салтын насихаттау және алдын алу.
Елордада нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі Ведомствоаралық штабтың жұмыс отырысы өтті. Күн тәртібінде екі негізгі мәселе тұрды:
Бірінші мәселе бойынша, мемлекеттік органдардың өкілдері 2024 жылдың I тоқсанының қорытындысы бойынша «Астана – есірткісіз қала» кешенді жоспарын орындау жөніндегі шаралар туралы баяндады. Әріптестер проблемалық мәселелер мен оларды шешу жолдарын да қарастырды.
Екінші мәселе бойынша, кеңес барысында қатысушылар Дүниежүзілік нашақорлыққа қарсы күрес күніне орайластырылған және 26 мамыр – 26 маусым аралығында өтетін алдағы айлықтың жоспарларын талқылады.
Айлықтың басты міндеті – қоғамды біріктіру және есірткіге қарсы іс-шаралардың тұтас кешенін іске асыру. Олардың барлығы салауатты өмір салтын насихаттауға, халықтың наркологиялық сауаттылығын арттыруға және балалардың, жасөспірімдер мен жастардың денсаулығын сақтау үшін алдын алу жұмыстарына қатысудың маңыздылығын түсінуге бағытталатын болады.
Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button