Ел тынысы

Халықаралық олимпиадада төрт медаль жеңіп алды

Қазақстандық оқушылар EGMO-2024 қыздарға арналған халықаралық математикалық олимпиадада төрт медаль жеңіп алды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Цхалтубо қаласында (Грузия) EGMO-2024 қыздарға арналған халықаралық математикалық олимпиада өз мәресіне жетті. Жарысқа 54 елден 212 оқушы қатысты. Қазақстан құрама командасында төрт оқушы мен екі жетекші бар.

Олимпиада қорытындысы бойынша Қазақстан командасының қоржыны 4 медальға толықты:

Күміс медаль – Анастасия Одинцова – Павлодар қаласындағы дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы;

Күміс медаль – Амира Кенбаева – Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 11 сынып оқушысы;

Қола медаль – Арай Қасенова – Алматы қаласындағы Haileybury Almaty халықаралық мектебінің 11 сынып оқушысы;

Қола медаль – Аружан Батырхан – Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 9 сынып оқушысы.

Айта кету керек, EGMO алғаш рет 2012 жылы Кембриджде ұйымдастырылды. Қазақстан олимпиадаға 2017 жылдан бері қатысып келеді. Осы жылдарда Қазақстан құрамасы 3 алтын, 11 күміс, 12 қола медаль және 4 құрмет грамотасын иеленді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button