Ел тынысы

Кемал Ақышев – 100 жыл

Астанадағы ҚР Ұлттық музейінде Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері Кемал Ақышевтің 100 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-практикалық семинар өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Іс-шара барысында архивтік сұхбаттары ұсынылды, фильмдер көрсетілімі мен Кемал Ақышевтің ғылыми жолын баяндайтын фотокөрме, ретроспектива ұйымдастырылды. Ғалымның 100 жылдық мерейтойына арналған екі монография таныстырылды.

Кемал Ақышев – Ұлттық археологиялық мектептің негізін қалаушылардың бірі. Есік қорғанын қазу жұмыстарына қатысып, «Алтын адамды» тапқан ғалым.
Кеңес және қазақ археологы, 200-ден астам ғылыми еңбектің және 15 шақты кітаптың авторы. Отырар музейінің ашылуына да көп үлес қосқан қайраткер.

Семинарға отандық және шетелдік ғалымдар, археология, тарих, Этнография институттарының, сондай-ақ университеттер мен мұражайлардың өкілдері қатысты.

Іс-шараны Кемал Ақышев атындағы археология ҒЗИ, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ тарих факультетінің археология және этнология кафедрасы, «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени мұражай-қорығы ұйымдастырды.

Серіктестер қатарында М.Аммосов атындағы Солтүстік-Шығыс федералды университеті (Саха Республикасы) және Ж.Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университеті бар.

Кемал Ақышевтің 100 жылдық мерейтойына орай «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени мұражай-қорығында да конференция өтеді. Оған Қазақстан,алыс-жақын шет елдерден және ТМД елдерінен жиналған 10 академиялық және жоғары оқу орындары, 50-ден астам ғалым қатысады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button