Жаңалықтар

Кешен қуаты – 24 тонна

Астанада жылына 24 мың тонна ет өнімдерін өңдейтін кешен салынады. Ірі ауқымдағы бұл жоба азық-түлік белдеуін күшейте түсуге, сондай-ақ, еліміздің мал шаруашылығы саласының экспорттық әлеуетін кеңейтуге мүмкіндік береді.

Қазір жаңа кешеннің жер учаскесі түріндегі мемлекеттік табиғи грантын ұсынуға қатыс­ты ал­ғашқы инвестициялық келісімшарт бекітілді. Жалпы, жоба шеңберінде 80-нен астам жұмыс орнын құру жоспарланған. Жобаның болжамдық құны 3,6 млрд теңгені құрайды.
Жоба шеңберінде өндірістің толық циклін ұйымдас­тыру көзделіп отыр. Оның шеңберіне малды союдан бастап да­йын өнімге дейінгі үдеріс­ қамтылған. Өндіріс­те Еу­ропаның жетекші өндірістерінің жоғары технологиялық заманауи құрал-жабдықтары пайдаланылады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button