Жаңалықтар

Көпқабатты үйлерде тәртіп қалай?

Жақында Жергілікті полиция қызметі басқармасы өкілдері мен елордалық Меншік иелері бірлестігі (МИБ) көпқабатты тұрғын үйлердегі қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелерін талқылады.

[smartslider3 slider=2611]

Ең әуелі Қалалық жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Арман Айтмағанбетов тікелей эфирде МИБ орталығының басшысы Гүлвира Әбетоваға сервистік полиция жұмысының кейбір әдіс-тәсілдері мен жаңа мүмкіндіктері туралы әңгімеледі.

Осыдан біраз уақыт бұрын Қазақстан полициясы жұмыс­тың сервистік үлгісін енгізе бастаған болатын. Елордада бұл тәсіл Алматы мен Сарыарқа аудандарында қанатқақты жоба ретінде қолға алынды. Бүгінгі таңда осы жаңа бас­тама өзін-өзі ақтап келеді. Атап айтқанда, мұндағы тың әдістің бірі – тәртіп сақшылары мен қоғам өкілдері бірлесе отырып, қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алуда, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде оңтайлы шешімдерді іздестіреді.

Жұмыс басталғалы учаскелік полицейлердің танымалдығы үш есе өсті. Сондай-ақ қадамдық қолжетімділік, модульдік үлгідегі полиция қосындары, «SOS» дабыл пернесі, «102» мобильдік қосымшалары бойынша да біршама шаруа атқарылды.

Жергілікті полиция қызметі басқармасы басшысының айтуынша, елордада жыл басынан бері 10 мың адамға шаққанда қылмыс деңгейі 9 пайызға төмендеген көрінеді. Бұған белсенді тұрғындардың көмегінің арқасында қол жетіп отырғанын жоққа шығаруға болмайды.

Тағы бір мәселе – пәтерді жалға беру. Осы тұрғыда да арыз-шағымдар аз емес. Кейбір пәтер иелері қоғамдық тәртіпті көпе-көрнеу бұзады. Түнде пәтерде жөндеу жұмыстарын жүргізу, музыка қою, сөйтіп, кешкі сағат 22-00-ден кейін тұрғындардың тыныштығын бұзу – әкімшілік кодекспен жазаға тартылады

Қала әкімдігімен бірге көптеген алдын алу жұмыстарының жоспары жасалып, бейнебақылау камералары желісі кеңейтілді. Көшелер жарықтандырылып, күзетілетін автотұрақ пен паркинг саны ұлғайды.

Қаладағы күрмеуі күрделі мәселенің бірі – аулаларда көлік қоятын орынның жетіспеуі. Соның салдарынан кейбір көлік иелері жаяу жүргіншілер жүретін жолдар мен үйлердің кіреберіс­терінің алдына көліктерін тақап қойып, тұрғындардың орынды реніштерін туғызып жатады.

Осыған байланысты сауал­дарға жауап берген Арман ­Айтмағамбетов кемшіліктерді көре біліп, оны дер кезінде түзетуге атсалысқан азаматтарға, үкіметтік емес ұйым мүшелері мен еріктілерге алғысын білдірді.

«Шынтуайтына келгенде, аулалар арқылы көліктердің жүруіне қатаң тыйым салынатынын кейбір жүргізушілер мен тұрғындар білмейтін болса керек. Оны айтасыз, көп қабатты тұрғын үйлердің аулаларында көліктерін от алдырып қойып, музыка тыңдап отырған жастарды жиі көруге болады. Тіпті балалар ойнайтын алаңдарға көліктерін қаңтарып кететін жүргізушілер де бар. Одан бөлек, жүрмейтін көліктерін жылдар бойы аулаға қоятын тұрғындар да кездеседі. Міне, осыларды байқасаңыз, бізге хабарласыңыз» деді жергілікті полиция қызметінің  бастығы.

Тағы бір мәселе – пәтерді жалға беру. Осы тұрғыда да арыз-шағымдар аз емес. Кейбір пәтер иелері қоғамдық тәртіпті көпе-көрнеу бұзады. Түнде пәтерде жөндеу жұмыстарын жүргізу, музыка қою, сөйтіп, кешкі сағат 22-00-ден кейін тұрғындардың тыныштығын бұзу – әкімшілік кодекспен жазаға тартылады.

Өткен айда біздің қоғамдық кемшілікке төзе алмайтын азаматтардың көмегімен көп қабатты тұрғын үйлердің бірінде хостилдер ашып, бір пәтерге 20 адамнан жіберіп, құқық бұзушылыққа жол берген тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылды деді полиция полковнигі.

Тұрғындармен жүргізілген конференция барысында Арман Айтмағамбетов көптеген сауалдарға жауап берді. Солардың қатарында үйдің кіреберісіне тұрмыстық қалдықтарды тас­тап кету, ескеруге қарамастан, кіреберістерде шылым шегіп, балаларды түтінге тұншықтыру жайлары да айтылды. Спикер оларға әкімшілік құқық бұзушылық кодексі бойынша айыппұл салынатынын жеткізді.

Сонымен қатар велосипед пен сәбилердің бесік арбасын ұрлайтындар жайы да алаңдатып отыр. Шынына келгенде, оларды кіреберістер мен баспалдақ алаңқайларында қоюдың өзі дұрыс емес. Алайда басқа мүмкіндік болмағандықтан, әзірше тұрғындар осылай амалдап жүр. Алдағы уақытта осы жерлерге міндетті түрде бейнебақылау камералары орнатылатын болады.

Сондай-ақ конференцияға қатысушылар көп қабатты үйлердегі тұрғындар арасында есірткі мен жүйкеге әсер ететін белсенді заттарды сақтап, пайдаланатындардың жиілеп бара жатқанын да тілге тиек етті.

«Бұл – өте күрделі мәселе. Қазір мұнымен жаппай күрес жүргізілуде. Сондықтан аталған қылмыс оқиғасы байқалса, Полиция департаментіндегі құпия 71-63-93; 32-22-22 сенім телефондарына немесе 102 телефонына хабарласу қажет» деді Жергілікті полиция қызметі басшысы.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button