Sport

Кубок жеңімпазы анықталды, біріншілікте кім чемпион болады?

Футболдан Қазақстан чемпионатының премьер лигасында 29 турдың ойындары өтті.

Алматының «Қайраты» өз алаңында «Ақтөбені» қабылдап, 6:0 есебімен ойсырата ұтып, 62 ұпаймен турнир кестесінің басына шықты. Ал Шымкентте болған «Ордабасы» мен «Астана» матчы турдың ең қызықты әрі тартысты ойыны болды деуге негіз бар. Олай дейтініміз, егер «Астана» бұл ойында жеңіліп қалғанда биыл чемпион атағынан айрылып қалатын қауіп болған. Алайда бұл бәсекеде тең нәтиже тіркелді. 1:1 есебі «астаналықтардың» алтыншы рет қатарынан чемпион атануына мүмкіндікті сақтап қалды. Үздік үштікті әзірге «Тобыл» түйіндеп тұр.
Чемпионаттың аяқталуына небәрі 3 тур қалды. Осы ойындарда ұлттық біріншіліктің жеңімпазы мен жүлдегерлерін білетін боламыз.
Айтпақшы, 2019 жылғы Қазақстан Кубогын Қызыл­орданың «Қайсар» командасы жеңіп алды. «Астана Арена» стадионында өткен финалдық ойында «Қайсар» мен «Атырау» негізгі уақытта 1:1 есебімен тең түскен, алайда овер-таймда «Қайсардың» бағы жанып, алдағы жылы тұңғыш рет Еуропа Лигасында ойнауға жолдама алды.
Бұл матчтың тағы бір айтарлығы, қос команданың жанкүйерлері төбелесіп тарады.

Тағыда

Ғалым Қожабеков

«Астана ақшамы» газеті бас редакторының орынбасары

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button