Басты ақпаратСаясат

Мемлекет басшысы Франция Президенті Франсуа Олландқа Ниццада болған террорлық актіге байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады

7a7b987a87fb67ac4b030e1b0e9c3311
Жеделхатта Қазақстан Президенті 14 шілдеде Ницца қаласында болған террорлық акт салдарынан көптеген жазықсыз адамның қаза болғаны және зардап шеккені туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдағаны атап өтілген.

«Қазақстан терроризмнің кез келген түрін қатаң айыптайды, қандай мақсатта болса да жазықсыз қан төгуді ақтауға болмайды деп санайды», – делінген жеделхатта.

Нұрсұлтан Назарбаев қайғыға ортақтаса отырып, барша қазақстандықтардың және жеке өзінің атынан Ф.Олландқа, қаза болғандардың отбасыларына және жақындарына көңіл айтты.

Елбасы зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

akorda.kz

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button