Басты ақпаратЖаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР ТАПСЫРЫЛДЫ

DSC_1216

6 сәуір күні Ақордада Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен бірнеше әскери адамға өз қызметтеріне адалдығы үшін және әскери борышын атқару кезінде батылдық танытқаны үшін мемлекеттік наградалар тағайындалып, Елбасы оларды өз қолымен марапаттады.

Отан қорғаушылар күніне орайластырылған шарада сөз сөйлеген Президент: «Сіздер тек өз қызметтеріңізді ғана емес, азаматтық борыштарыңызды да абыроймен атқардыңыздар, жастарға үлгі болдыңыздар. Сіздердің істеріңіз – өз халқын сүюдің және оған адал болудың үздік үлгісі» деп, әскерилерге үлкен сенім білдірді.

Жалпы Қорғаныс, Ішкі істер және Төтенше жағдайлар жө­ніндегі министрліктер, Ұлт­тық қауіпсіздік комитеті, Мем­лекеттік күзет қызметі, «Сырбар» сыртқы барлау қызметі, Эконо­микалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы), Бас прокуратура және Қазақстанның ішкі істер ор­гандары мен ішкі әскерлері ар­дагерлерінің ұйымының атынан барлығы 60 адам наградаға ұсынылған болатын. Солардың ішінде ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен М.Ахметжанов, Б.Бердалин, А.Джумакеев, М.Исәділов, М.Ысқақов және Н.Орманбетов марапатталса, ІІ дәрежелі «Айбын» орденіне Р.Жамбылова, С.Климчук, А.Мұқатаев, Е.Смағұловтар лайық деп танылды.

Ал, ІІІ дәрежелі «Айбын» орденін Ж.Баянбаев, Б.Мойнов, Ю.Новосельцев, Ғ.Той­шы­баевтар иеленді. «Ерлігі үшін» медалімен О.Баукен, М.Дүй­­сенбаев, Е.Нұрғалиев, «Жа­уынгерлік ерлігі үшін» медалімен А.Асанбай, Д.Гроц, Ю.Евдокимов секілді азаматтар наградталды.

Нұрислам Құспанғали

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button