Жаңалықтар

НАҚ-НАҚ

«Экстрим толқыны»

Астана қаласының Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасының ұйымдастыруымен «Мега» СОСО ала­­ңында экстрималды спорт түрле­рі­нен халықаралық жарыс өтті.

Бұл додаға Украина, Испания, Белоруссия және Ресейден мыңға жуық спортшы арнайы келді.

Желаяқтар жүгіріп жетті

Кеше «Қазақ елі» монументі алдында «Жүрегім менің – Астана» ұранымен Алматыдан елордаға дейінгі жолды жүгі­ріп өткен марафоншыларды қарсы алу шарасы өтті.

2 шілде күні капитан Марат Балтабаев бастаған 15 марафоншы Алатау баурайынан Арқаға аттанған. Еліміздің түкпір-түкпірінен іріктеліп алынған спортшылар 3 күн ішінде мыңнан астам шақырымды жаяу бағындырыпты.

Кеше…

Қала әкімдігі алдындағы алаңда «International Street Dance Session 2013» халықаралық фестивалі өтті. Оған Франция, Корея, АҚШ және ТМД елдерінен, сондай-ақ, Қазақстанның барлық өңірлерінен 400-ден астам биші қатысты.

Бүгін…

Кешкі 19:00-де Астана қаласындағы «Сарыарқа» велотрегінде Қазақстан және шетел эстрада жұлдыздарының қатысуымен «Асқақтай бер, Астана!» атты концерт өтеді.

Ертең…

«Қазақ елі» монументі алдында екі күнге созылған «Шуақты қала» атты бұқаралық сауық аяқталады. Бұл шара барысында көрме, жәрмеңкелер ұйымдастырылып, аттракциондар тігіледі және қала тұрғындары мен қонақтары үшін концерттер қойылады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button