ЖаңалықтарҚала мен СалаҚоғам

Оталған ағаштың обалы кімде?

Жаңа жыл жақындаған сайын елордалық полициялар заңсыз ағаш кесушілермен күресті күшейте түсуде. Астана аумағында биыл 31 желтоқсанға дейін қылқан жапырақты ағаштарды арнайы рұқсат қағазсыз кесу, тасымалдау, сатуды анықтауға арналған рейдтік шаралар жүргізіледі.

img_1922

Табиғатты қорғау полициялары «Астана орманы» МКК, «Жасыл аймақ» РМК және қалалық ІІД Жергілікті полиция қызметінің өкіл­дерімен бірлесіп, әсіресе, Астананы айналдыра қол­мен отырғызылған жасыл желекті ерекше қорғауға алды. Қаланың ішіндегі қылқан жапырақ тұқымдас жас талдар да бақылауда. Тиісті мамандар елорданың орталық базарлары мен сау­да орталықтарында сатылып тұрған шыршалардың рұқсат қағаздары бар-жоғын да тексеріп шықты.
Жалпы, елімізде шыршалар еркiн сатылымға шығарылмайды. Саудаға жергілікті жасыл желекті сатуға тыйым салынған. Егер кімде-кім ағашты заңсыз отаса, жасыл желекке зиян келтірсе, ол адам әкімшілік жауапкершілік былай тұрсын, Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодекстің 340-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Мемлекет табиғатты қорғау үшін осындай қатал жаза енгізді. Өйтпей ше? Кесілген бір ағаштың орнына он ағаш отырғызуға тура келеді. Оның сыртында бір жас шыбық жетіліп, жайқалып өсу үшін оған кемінде 15 жыл кетеді екен. Сондықтан әрбір адам айналаны шаң-тозаңнан қорғап, қалаға көрік беріп тұрған ағашқа аялай қарағаны дұрыс. Мамандардың айтуынша, бүгінде жаңажылдық мерекеге жұртшылықтың көбі жасанды шыршаны тіккенді құп көреді. Ал егер бір күндік сайранға бола табиғи шыршаны іздейтіндер Ресейден алдыртқаны жөн немесе ірі сауда орталықтарында арнайы рұқсат қағазбен саты­лып жатқан осы елдің ағаш­тарын сатып алғаны дұрыс.

Қымбат Нұрғали

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button