Ел тынысы

Қаланың барлық аудандарында жаппай тазалық жүріп жатыр

Астанада қаласының барлық ауданында жаппай тазалық жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Көпірлер, маңдайшалар, қоршаулар, аялдамалар жуылып, жөндеу-қалпына келтіру жұмысы жүргізіліп жатыр, сол сияқты алаңқайлар, саябақтар, қоғамдық орындар, т.б. қоқыстан тазартылды.

Жол жұмысы да басталып кетті. Биыл 200-ден астам көшенің шұңқырларын бітеу жұмысы жүргізілсе, тағы 50-ден астам көше орташа жөндеуден өтеді. Сондай-ақ тротуарларды, аулаларды және қоғамдық орындарды абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Мысалы, Алматы ауданында: 1) Тәуелсіздік даңғылы (Ақбұлақ өзенінен Б. Момышұлы даңғылына дейін) – жұмыс Ақбұлақ өзенінен басталып, Қ.Мұнайтпасов көшесіне дейін; 2) Ақбұлақ өзенінің жағалауы (Абылай хан даңғылынан Амман көшесіне дейінгі учаскелерде абаттандыру жұмысы белсенді жүргізілуде) – жұмыстар Абылай хан даңғылынан басталды; 3) Т.Жүргенов көшесі (Айнакөл көшесінен Ж.Нәжімеденов көшесіне дейін) – жұмыстар Айнакөл көшесінен басталды, жұмысты А.Бөлекпаев көшесіне дейін аяқтау жоспарланып отыр. Сондай-ақ, 5 субұрқақ кешенін консервациялау жұмыстары жүргізілуде.

Сарыарқа ауданында Желтоқсан көшесінің бойындағы (Абай даңғылынан С.Сейфуллин көшесіне дейін) ескі асфальт жабындысын бөлшектеу жұмысы басталды. Бұл аумақтың тротуар бөлігі сәуір айының соңына дейін жаңартылады. Оған қоса, орындықтар, қоқыс жәшіктері және т.б. орнатылады.

Байқоңыр ауданында Бөгенбай батыр даңғылында Республика даңғылынан Уәлиханов көшесіне дейін; Уәлиханов көшесінде Бөгенбай батыр даңғылынан С.Сейфуллин көшесіне дейін; Тәшенов көшесінде Ташенов көшесі, 13-тен Республика даңғылына дейін және т.б. қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, қалада «Таза Қазақстан: Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» экоакциясы өтіп жатыр. Ауқымды экологиялық науқан аясында қаланы, нөсер және арық кәріз желілерін санитарлық тазалау, көшелерді, тротуарларды, кварталішілік аумақтарды тазарту жұмысы да жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, жасыл желектерді күтіп-баптау және отырғызу, сауда нысандарына іргелес аумақтарды жинау, көгалдар мен гүлзарларды орнату, рұқсат етілмеген полигондарды жою және т. б. жұмыстар жүргізілуде.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button