Әлеумет

Қамқорлық арта береді

Бүгінгі таңда мемлекет тарапынан мүгедектер үшін көптеген бағдарламалар жасалып, жұмыстар жүріп жатыр. Жеке тұтынушылықты есепке алғанда, мүгедектер протезді-ортопедиялық көмекпен, сурдо, тифлотехникалық құралдармен, санаторлық-курорттық сауығумен, есту протездеулерімен, кресло-арбалармен, міндетті гигиеналық құралдармен, ымдау тілімен қыз­мет көрсететін мамандармен қамтамасыз етіледі.

[smartslider3 slider=2523]

Биыл елімізде жарық дүние есігін ашқан сәбилердің 11 пайызы мүгедек болып туған. Өкінішке қарай, жыл өткен сайын сондай балалардың да саны көбейіп келеді. Шындығында, олар оқшауланған қоғамдық өмірге аса бейім емес. Мәселенің бұлай қалыптасуына бүгінгі қоғамның да кінәсі бар. Өйткені біз мүмкіндігі шектеулі жандарға мүсіркей қараудан арыла алмай келеміз. Жалпы білім беретін орта мектептерде олардың оқып, білім алуына жағдай жасау ­енді-енді қолға алына бастады. Инклюзивті білім берудің негізі – мектептегі барлық балаға олардың ерекшеліктерінен тыс сапалы білім беру.

Қазіргі кезде елордада 705 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі жан бар. Мұқтаж адамдарды оңалту орталықтарымен қамту 47 пайызға дейін жетті.

Әлемнің дамыған елдерінде мүгедек балаларды дені сау құрбыластарымен қатар оқытып, сол арқылы сауықтыру әдісі бар. Сонымен қатар жеке оңалту бағдарламасы бойынша ерекше күтімді қажет ететін балаларға үйде күтім жасау жағдайында арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетіледі.

Елімізде мүгедек адамдардың құқығын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспар іске асырылуда. Жалпы ағымдағы жылы әлеуметтік төлемдерге, оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерді қамтамасыз етуге 448 млрд теңге бағытталды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 12 пайызға артық.

Олжабай ТӨРЕБАЕВ, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық

университетінің студенті

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button