ЖаңалықтарҚала тіршілігі

Екінші кезең басталды

 
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы 1 қазаннан бастап Қазақстанда халық санағының екінші кезеңі басталғанын хабарлады.
Нұр-Сұлтан қаласында 1332 интервьюер онлайн форматта сауалнамадан өздігінен өтпегендерге сұхбат алушылардың үйін аралайды. Бұған дейін 6 миллионнан астам адамның онлайн санақтан өткені белгілі болған еді.

Сұхбат алушылар үйлерді 30 қазанға дейін аралайды. Бюроның мәліметінше, бұл жұмысқа  ел аумағында 22 мыңнан астам сұхбат алушы тартылған. Санақтан өтуге арналған платформаларға 15 қазанға дейін онлайн санақтан өтушілер үшін қолжетімді болады. Сауалнама кезінде тұрғындардың үй шаруаларының жағдайы, неке-отбасы қатынасы, денсаулық жағдайы сынды бірқатар әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді анықтау бойынша сұрақтар қойылады.
 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button