Басты ақпарат

Қазақстан әділ арағайындықты жақтайды

Сочиде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен кездесті. Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасы негізін қалаған Қазақстан мен Ресей арасындағы әріптестіктің жоғары деңгейі мен дәрежесінің сақталғанын атап өтті. Мемлекет басшысы «Валдай» пікірталас клубының отырысына қатысып, сөз сөйледі. Биылғы форум ғаламдық геосаясаттағы Шығыстың рөлі тақырыбына арналды.

Мемлекет басшысы Еуразия­лық экономикалық одақ шеңберінде интеграциялық процес­тер бойынша жоғары деңгейдегі түсіністік барын атады. Оның айтуынша, Ереванда өткен ЖЕЭК отырысындағыдай туындаған мәселелер бойынша уақытылы шешімдер қабылдануы қажет. Қазақстан тарихи және географиялық орналасу жағынан Шығыспен де, Батыспен де байланыс орнатқанын атап өткен Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан 2020-2022 жылдары Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңеске төрағалық ету барысында өзге де көпжақты институттармен байланысты күшейтуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді.
«Валдай» халықаралық пікірталас клубының XVI пленарлық сессиясына әлемнің ондаған елінен беделді саясаткерлер мен белгілі сарапшылар, қоғам қайраткерлері қатысты, биылғы форум ғаламдық геосаясаттағы Шығыс­тың рөлі тақырыбына арналды.
– Алтын Орда – қазақтың мәдени кодының маңызды бөлшегі. Ол шын мәнінде және география­лық тұрғыда да еуразиялық ел саналады. Әрине, ел аумағының басым бөлігі Азияда орналасқан. Дегенмен, Қазақстан территориясының 4 пайызы еуропалық континентте жатқанын ұмытпау керек. Ол дегеніміз – 120 мың шаршы километр жер, – деп атап өтті Қазақстан Президенті.
Қазақстанның аймақтық қақтығыстарды реттеуде әділ арағайындықты жақтайтынын айтқан Мемлекет басшысы Таяу Шығыс үшін, оның ішінде, Сирия бойынша Астана процесінде өміршең шешімдер іздестіруге дайын әрі қолдауға әзір екенін мәлімдеді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button