Жаңалықтар

Қоғамдық қабылдау өткізді

Елорда әкімі Алтай Көлгінов «Nur Otan» партиясының қоғамдық қабылдауында азаматтарды жеке қабылдады.

Осы жылдың тамыз айында өткен Nur Otan партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Елбасы халықпен өзара іс-қимылды күшейтуді, атап айтқанда, партияның қоғамдық қабылдау бөлмелерінің жұмысын жандандыруды тапсырды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «қоғаммен байланыс­ты нығайтып, халыққа есеп беріңдер» деп тапсырма берді. Осы ретте елорда әкімі қала тұрғындарының өтініштерін, мұң-мұқтажын тыңдап, өз тарапынан тиісінше жауаптарын берді. Тұрғындар, негізінен, медициналық көмек алу, тұрғын үй бағдарламаларына қатысу, қысқы кезеңде көмірмен қамтамасыз ету, жұмысқа орналасу және басқа да мәселелер бойынша өтініштерін білдірді.
Жалпы қала басшысы өткен үш ай ішінде 450-ден аса адамды жеке қабылдады. Сондай-ақ азаматтарды қабылдау аудандық әкімдіктерде және «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында да өтуде. Әр өтініш бойынша дербес жұмыс жүргізілуде. Мәселен, өтініш білдіргендердің бір бөлігі мамандық алуға оқытудан өтсе, балабақшаларға жолдама алу, медициналық көмек көрсету, тұрғын үй алуға кезекке тұру және басқа да мәселелер шешімін тапты.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button