Қала тіршілігі

Серпінді сенбілік

Байқоңыр ауданы бойынша экологиялық айлық аясында әр сенбі сайын ағаш отырғызылып, ауданды көгалдандыру мақсатында игі шаралар қарқынды жалғасуда.
Аталған экологиялық айлық кезеңінде әр сенбі сайын Байқоңыр ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері де сенбілікке шығып, ауданның көгалдануына өз үлестерін қосуда. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, өткен сенбіде аппарат қызметкерлері ауданымыздағы «Ататүрік» саябағына 34 түп ағаш отырғызды. Сондай-ақ тазалық жұмыстары да жасалды.
Сонымен қатар, аудан аумағындағы қоғамдық кеңістіктер мен аула ішінде де көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде жалпы ауданы 8 555 шаршы метрді құрайтын бір жылдық гүлдер (Петуния, Агератум, Тагетис, Гацания, Кохия және Дахлия) және жалпы ауданы 764 шаршы метрді құрайтын көпжылдық гүлдер отырғызылды.
Аталған сенбілік санитарлық талаптарды сақтай отыра жүзеге асырылды.
 
 
 
 
 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button