Мәдениет

Тасқа айналған бейнелер

Ұлттық музейде Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Графика және мүсін» залы ашылды. Экспозицияны құруға музей қорындағы Қазақстанның кәсіби шеберлерінің графикалық және мүсіндік туындылары негіз болды.

[smartslider3 slider=833]

Залдың ашылу салтанатында сөз сөйлеген Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Қалиолла Ахметжан Ұлттық музейдің жалпы өнерге, соның ішінде кескіндеме, графика мен мүсін туындыларына үлкен қолдау көрсетіп отырғандығын атап өтті. Экспозиция еліміздегі бейнелеу өнері кәсіби мектебінің қалыптасу кезінен бастап, бүгінге дейінгі динамикасын көрсетеді.

Негізгі аймақта Қазақстанда бейнелеу өнері кәсіби мектебінің құрылуы жайлы баяндалды. Графика бойынша Е.Сидоркин, А.Дінікеев, Ү.Әжиев, Н.Аштем, С.Айтбаев, М.Ержанов, Ә.Ысмайылов, А.Ақанаев, Қ.Зәкіров, П.Антоненко, Н.Гаев, В.Толчинский сияқты шеберлердің туындылары ұсынылса, ал мүсін бойынша Қ.Нұрбатыров, А.Билык, Ю.Буштрук, Е.Мергенов, Е.Сергеев, А.Құмаров, Д.Сәрсекеев, Н.Мухатаева, П.Иванов, И.Бродский, Э.Казарянның және тағы да басқа шығармашылық иелерінің туындылары қойылды.

Залдың орталық бөлігінде заманауи авангард ағымының бір түрі ретінде қару-жарақтың әртүрлі бөліктерінен құралған тақ пен маска инсталляциясы орналастырылған.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button