Мәдениет

Бағдары – батырлар

Қарулы күштердің мемлекеттік әскери-тарихи мұража­йында «Tayelsiz Qazaqstannyn Halyq Batyrlary» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен жаңа журналдың таныс­тырылымы өтті.

рлігімен, ерен еңбегімен танылған тұлғалар өмірін насихаттайтын «Халық батырлары» журналы әзірге үш айда бір рет жарық көреді, ал алдағы жылдан бастап ай сайын шығуы жоспарланып отыр.

Бірлестік басшысы Бақытжан Ертаевтың айтуынша, журнал батырлар мен өскелең жастар арасындағы көпір іспетті. Қоғамдық бірлестіктің негізгі мақсаты – «Халық қаһармандары» мен «Еңбек ерлерінің» өмірін, еңбегін зерделеу, қамту және насихаттау негізінде ұлттық тарихи мәдениет пен жастарды патриоттық тәрбиелеуді қалыптастыру бойынша қоғам мен мемлекеттің күш-жігерін біріктіру. Еліміз егемендік алған күннен бастап бүгінге дейін «Халық қаһарманы» атағын алғандардың саны – 34, «Еңбек ері» атағын алғандардың саны – 48.

«Осындай ерлік пен еңбекті насихаттайтын бір басылым шығару мені көптен бері мазалап жүрген. Ел, әсіресе жастар қаһармандарын, батырларын, құрметті азаматтарын, танымал тұлғаларды, олардың озық ойын, тәжірибесін, қажырлы еңбегін білуі тиіс. Олардан елін, жерін сүюді, тәртіпті, еңбек етуді үйренуі керек. Сондықтан көп ойланып, көптеген кісімен ақылдаса келіп, осындай журналды шығаруды түйіндедік. Осылайша бұл басылым да отандық патриотизмді дамытуға өзіндік үлес қосады деп ойлаймыз» деді Халық қаһарманы, «Tayelsiz Qazaqstannyn Halyq Batyrlary» қоғамдық қорының басшысы Бақытжан Ертаев тұсаукесер рәсімінде.

Тағыда

Айгүл Уайсова

Ақпарат саласының үздігі

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button