Мәдениет

Кенен және Жетісудың ән-күй мұрасы

Жуырда Р.Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының «Халық қазынасы» ұлттық өнер орталығы ақын, халық композиторы Кенен Әзірбаевтың 140 жылдығына орай «Жетісу өңірінің ән-күй мұрасы» атты концерт ұсынды.

Жетісу өңірінің əн-күй мектебі – өзге өңірлерге ұқсамайтын өзіндік мәнері бар ерекше мектептің бірі. Осы өңірдің əн-күйі Қабан жырау, Сүйінбай Аронұлы, Дəурен салдан бастау алады. Соның ірі өкілдері – Жамбыл Жабаев пен Кенен Əзірбаев. Ал Нұрғиса Тілендиев қазақ музыка мәдениетіне мол олжа салып, өшпес із қалдырды.

Концертте Жетісу өңірінің əн-күй мектебінің аттары аталған өкілдерімен қатар Сəдіқожа Мошанұлы жəне Қапез Байғабылұлының бұрын-соңды ел естімеген жəне кеңінен таралмаған əндері шырқалды. Кеш барысында «Халық қазынасы» ұлттық өнер бөлімінің өнерпаздары жəне шақырылған қонақтар, атап айтқанда, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Жанғали Жүзбай, Ерлан Рысқали, Құмарбек Қалқатай, Елмұра Жаңаберген, Раушан Оразбаева, Айгүл Елшібаева, Ардақ Балажанова, Нұрболат Арзамасұлы, ҚР мəдениет қайраткерлері Толғанбай Сембаев, Ерболат Шалдыбеков, ҚР мəдениет саласының үздіктері Қайрат Айтбаев, Перизат Тұрарова, Батырлан Əбенов, Гүлниза Жұмажанова, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Асқар Мұқият, халықаралық жəне республикалық байқаулардың лауреаттары Дінисламбек Жайлаубай, Жазгүл Даңылбаева, Жасұлан Есімхан, Бекарыс Көштаев, Бауыр­жан Мұхаметбай өнер көрсетті. Кенен Әзірбаевтың ұлы Бақытжан Кененұлы кешке арнайы қатысып, ұйымдастырушыларға алғыс айтты. Өскелең ұрпақ өнер мен мәдениет құндылықтарын сақтап, әрі қарай жалғайтынына, сөйтіп сабақтас­тық сақталатынына сенім білдірді. Әкесінің шығармашылығынан өлең оқып берді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button