Ел тынысы

Тәуелсіздік тағылымы

Кеше елордада Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған халықаралық конференция өтті.

[smartslider3 slider=1384]

Онда Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин сөз сөйледі. Палата Спикері Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 30 жыл ішінде экономикасы мықты, қоғамы тұрақты, халқы тату, мәртебесі биік, тәуелсіз Қазақстанның іргетасын қалағанын, бүгінде оны одан әрі нығайту үшін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев табысты жүзеге асырып жатқанын атап өтті. Өз сөзінде Нұрлан Нығматулин Тәуелсіздік – көп елдер үшін асқақ арман екенін, біздің бабаларымыз ғасырлар бойы аңсаған осы асқақ арманның орындалғанына биыл 30 жыл толып отырғанын, бұл біз үшін қайталанбас тарих екенін айтты. Мәжіліс Төрағасы атап өткендей, Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары оңай болған жоқ. Жетпіс жыл бойы билік жүргізген Кеңес Одағы тарағаннан кейін, біздің халқымыздың жағдайы өте ауыр болды. Сол кезде барлық өндіріс және зауыт-фабрикалар тоқтап, колхоз-совхоздар тарап, мектептер, мәдени орталықтар жабылды. Мыңдаған азаматтар жұмыссыз қалды. Бірнеше ай бойы еңбекақы, стипендия басқа да төлемдер берілмей, экономикалық дағдарыс орын алды. Осындай ауыр кезеңде тәуекел етіп, ел тағдырын қолына алған Елбасымыз кемеңгер басшылығымен туған елдің сенімін ерлікпен, абыроймен ақтады.

– Қазақстанның 30 жылдық даму жолында халқымыздың рухы көтерілді. Еліміздің еңсесі биіктеді. Даламыз да, қаламыз да, өмір сапасы да заман талабына сай жаңғырып, жаңа өмірге қадам бастық. Жаңа мемлекет, жаңа экономика, жаңа қоғам құрдық. Тарихпен алғанда аз ғана уақыт 30 жыл ішінде дамыған елдердің қатарына кірдік, – деді Мәжіліс Төрағасы.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button