Астана аудандары

Абаттандыру әсемдік сыйлады

Нұр-Сұлтанда аудандарды абаттандыру жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда. Құрылыс Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде және қала басшылығының тапсырмасын орындау мақсатында «Нұр-Сұлтан – жайлы қала» мастер-жоспарының тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында жүргізілуде.

[smartslider3 slider=1383]

Байқоңыр ауданында 237 аула бар. Осы жылы 57 аулада 9 футбол алаңы, 2 баскетбол алаңы, 210 көше тренажері, 570 бірлік шағын сәулет нысандары орнатылды. Абаттандыру кезеңінде ауданда 12 000 шаршы метр аумақ төселген таспен (брусчаткамен), ал 19 000 шаршы метр асфальтбетон жабынымен жабылды. Өтпе жолдар, тұрақ аймақтары жайластырылды, сондай-ақ көгалдандыру жүргізілді. Биыл «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 8 аула мен 1 скверді абаттандыру жүргізілді. Бағдарламаның мақсаты – тұрғындардың бастамасы және ұсыныстары бойынша ауданды дамыту және абаттандыру.

Қоғамдық кеңістікті жайластыру кезінде тұрғындардың пікірі үнемі ескеріледі, шешімдер ұжымдық түрде қабылданады. Атап айтқанда, учаскелер белгілі бір аймақтарға бөлінді – ересектер, жастар, сондай-ақ егде жастағылар үшін. Әр кеңістікте, жас ерекшеліктеріне қарамастан, барлық тұрғындар бос уақытын өткізе алады, мұнда көше тренажерлерінің элементтері бар балалар, спорт және гимнастика алаңдары, көше воркауты мен скейт алаңдары, сәндік көше бұрылыстары, орындықтар мен урналары бар практикалық көлеңкелі шатырлар бар.

Есіл ауданында да ауқымды жұмыстар жалғасуда. Мұнда «Үркер», «Пригородный» және «Тельман» тұрғын алаптары абаттандырылады. Әрбір учаске келесі көрсеткіштер бойынша жаңартылады: желілер мен жолдардың құрылысы, жолдарды жөндеу, санитарлық тазалау, су тасқынына қарсы күрес, жарықтандыру және абаттандыру. Мысалы, тек «Тельман» тұрғын алабында ұзындығы 120 м тротуар салу бойынша жұмыстар жүзеге асырылды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button