Басты ақпарат

Теңдесі жоқ тамаша жетістік

Димаштың ізін басып келе жатқан дарынды жеткіншек Ержан Максим Польшада өткен «Junior Eurovision-2019» ән байқауында екінші орынды иеленді. Талантты жеткіншекті Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтады.«Бұл – теңдесі жоқ тамаша жетістік! Сені, ата-анаңды және ұстаздарыңды осындай маңыз­ды жеңіспен құттықтаймын. Алар асуларың биік болсын! Алға!» деп жазды Президент twitter парақшасында.
Байқаудың қазылар алқасы Ержанға бірінші орын берген болатын. Алайда онлайн дауыс беру қорытындысында осы орынды сақтап қалуға оған ұпай жетпей қалды. Нәтижесінде Польша өнерпазы Вики Габор оның алдына шығып кетті. Қанша дегенмен дода Польшада өтті ғой…

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button