Астана-20

Той үстінде тәтті күндер

Бас қаланың 20 жылдық мерейтойына орай 40 астаналық жұп некесін бір мезетте қиды. Игі дәстүрге айналған бұл шара осымен 11 жыл қатарынан өткізіліп келеді.

Осы жылдар аралығында 350 жұп некесін қиған екен. Ұйымдастырушылардың айтуынша, осыған дейін салтанатты шараға қатысқан жұптардың арасында ажырасу болмаған.
Жас жұбайлармен тілдескенімізде, көбісі АХАТ бөліміне өтініш беру үшін осы күнді арнайы күткенін айтады. Мәселен, Әлішер мен Лилия Ермұхановтар былтыр жаңалықтардан осындай ерекше неке қию рәсімі өткенін көріп, биыл қатысуға өтініш берген екен. «Қаңтарда шаңырақ көтеруге шештік. Алайда бұл маңызды күнді елорданың 20 жылдығына орайластырғымыз келді» дейді олар.
Ал Абай мен Мөлдір Ғалымжановтар бұл шараға қатысу күтпеген жағдай болды дейді. «Бір ай бұрын АХАТ бөлімінен хабарласып, осы шараға қатысуды ұсынды. Біз бұл ұсынысты қуана қабыл алдық. Ұйымдастыру жоғары деңгейде: шетелдік және отандық фотографтар келіп, біздің қуанышты сәтімізді түсіріп алды» деп қуанышымен бөлісті бақытты қалыңдық.
Инвестиция және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Рысгүл Қауғабаева жас жұбайларға әзірленген тосын сый көп екенін айтты. «Сыйлықтардың ішінен Түркияға саяхат та бар» деді ол.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button